1082

Экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбілік барысында Астана аумағы толық қамтылған

2017 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейінгі кезеңде елордада Астана қаласын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі экологиялық айлық және 29 сәуір мен 13 мамырда «Біз – таза қала үшін!» жалпықалалық сенбіліктері өткізіледі.

Экологиялық айлық шеңберінде жоспарланған шаралар:

- қала аумағын санитарлық тазарту;

- көшелерді және орамішілік аумақтарды тазарту;

- ағаштар отырғызу;

 - жаңбыр және арық-науашалы канализацияны тазалау;

 - бақтар мен саябақтарда жасыл көшеттерге күтім жасау бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, көгалдар мен гүлзарларды абаттандыру шараларын іске асыру;

  - заңсыз қоқыс үйінділерін жою, ластанған учаскелерді тазалау.

29 сәуірде жалпықалалық сенбілікке 150 000-нан аса адам, 4452 мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, денсаулық сақтау нысандары, орта мектептер, ЖОО-лар, құрылыс ұйымдары, шағын және орта бизнес объектілері қатысады деп жоспарланған. 425 техниканы тарту көзделіп отыр. Сенбілікке қатысушылар қажет еңбек құралдарымен (күрек, тырнауыш), қолғап, қоқыс қаптарымен қамтамасыз етіледі.

Жалпықалалық сенбілік шеңберінде қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 6750 ағаш отырғызу бойынша шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

  Сондай-ақ, білім ұйымдарының, медициналық мекемелердің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумақтарында да көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

  Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экология департаментімен бірлесіп жалпықалалық сенбіліктің шеңберінде «Таза өзендер!» экологиялық акцияларын өткізеді, оның барысында Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Бұл жұмыстарға Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің және С. Сейфуллин ат. Қазақ Агротехникалық университетінің 200 студенті, еріктілер және 150 адам шамасында әскери қызметкерлер тартылады:

 Есіл өз. - «Газмашаппаратура», «Қарттар үйі» («Көктал-1») ауданында;

 Ақбұлақ өз. - Еуразия университетінің корпусынан ЖЭО-2 дейін;

 Сарыбұлақ өз. - «Бахус» сауда үйінің ауданы. 

 «Көше көркі –Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана – әсем қала!» ұрандарымен – тұрғындардың, өндіріс және басқа ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік акциялары әр апта сайын ұйымдастырылады.

 Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты – қала көшелерінде тазалық сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және экологиялық мәдениет қалыптастыру.

 Туған көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген барлық тұрғындар мен қала ұйымдары өз үлестерін қоса алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109