1212

Астанада дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Еуразиялық топтың (ERG) бастамасымен «Экологиялық десант» акциясы ұйымдастырылды. Акция бір мезетте еліміздің бірнеше аймақтарын қамтыды. Кеншілер, металлургтер, энергетиктер және өзге де мамандық иелері су тоғандарының жағажай аумақтарын тазалады. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Астанада шабақтарды суға жіберді.

Елордалық белсенділер Вячеслав су қоймасына барып, жағажайын тұрмыстық қалдықтардан арылтты және тұқы мен басқа да балық түрлерінің 70 мың шабағын суға жіберді. Тізе бүгіп демалатын орындықтар мен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақыратын ақпараттық тақтайшалар орнатылды.

- «Экологиялық десант ERG» акциясын өткізуде біз Қазақстан су қоймаларына келетін барлық тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақырамыз. Өйткені табиғатты сақтау әрбірімізден басталады. Еуразиялық топ таза мемлекет ұранын ұстанады. Жағымды қоршаған орта қалыптастыру жауапкершілігі барлық аймақтарда орналасқан біздің компанияның тұрақты дамуының негізі болып табылады. Біз өмір сүру сапасын және адамдардың денсаулығын жақсартуға үлес қоссақ дейміз, - дейді Еуразиялық топтың өндіріс бойынша басқарма төрағасының орынбасары Роман Денискин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109