1169

Астанада «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы өтеді

3 маусым күні сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін Елорданың жасыл белдеуінде бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған акция өтеді.

Акцияның мақсаты – Астана қаласының жасыл белдеуін тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазалау, жастардың экологиялық сана-сезімін ояту, табиғатты қорғауға шақыру.

– Туған қалаңның, оның көшелері мен гүлзарларының ұқыпты, таза болуы біздің әрқайсымызға байланысты әрі әрдайым қамқорлық танытуымыз қажет. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек, - дейді акцияны ұйымдастырушылар.

«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» - БҰҰ бағдарламасының қамқорлығымен өткізілетін халықаралық табиғатты қорғау шарасы.

Жыл сайын 5 маусым күні әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны қорғау мәселесін талқылайды. Осы күні бүкіл әлемде «Жердегі өмір үшін» ұраны бойынша экологиялық шаралар өткізіледі. Мереке қарсаңында Астанада бірқатар шаралар ұйымдастырылды: «Біз таза қаланы таңдаймыз» деген ұранмен қаланы абаттандыру, жасылдандыру және санитарлық тазалау көктемгі экологиялық айлық аяқталды және апта сайынғы «Таза жұма» акциясы жалғасуда. «Жасыл аймақ» акциясының ұйымдастырушылары – Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109