828

89 мың адам 16 қыркүйекте өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысады

«Астана – таза қала» жалықалалық сенбілігі  89 мың адамды жинайды. Шара Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасылдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық аясында 16 қыркүйекке жоспарланған.

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.Танабаев Мұсатың сөзіне қарағанда, қала үшін пайдалы шараға 1000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 49 жоғары және орта арнайы білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпыбілім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания қатысады, 18 мың көшетті отырғызу жоспарлануда.

-Сенбілік аясында жаппай экологиялық акция өткізуде дайындық жоспарланған, 18 мыңнан астам көшет отырғызу, қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасылдандыру, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту, жаңбыр және  кәріз желілерін тазарту, инженерлі және коммуникациялық жүйе нысандары мен ғимараттарын жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды атқару жоспарлануда, - деді Танабаев.

Сенбілік қатысушылары қоқыс жинау үшін, жалпы тазалық жұмыстарын атқару үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. «Алматы» ауданының «Жерұйық» саябағында көшеттерді отырғызу үшін топырақ беріледі, 14-15 қыркүйек күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін. «Сарыарқа» ауданында Қаржы министрлігіне қарама-қарсы қажетті құрал-жабдықтар 16 қыркүйек сағат 08.00-ден беріле бастайды.

«Есіл» ауданында құрал-жабдықтар «Құлагер-2» т/к алдында беріледі.

Жалпы алғанда жалпықалалық сенбілікке 560 техниканы жұмылдыру көзделіп отыр. «Алматы» ауданы бойынша – 180 техника, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 120 техника, «Есіл» ауданы бойынша – 160 техника.

Акімдік қала тұрғындары мен қонақтарын жалпықалалық сенбілікке белсенді атсалысуға, қаланың гүлденуіне үлес қосуға шақырады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109