2878

Астана қаласының ауа ластануы тиісті нормадан аспаған

Астанада атмосфераның ластану индексі осы жылдың қаңтар-қараша айларында 4,91 бірлікті құрады, яғни 5 бірліктен кем, сәйкесінше ластану деңгейі төмен, - деді Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды. 

«Астананың атмосфералық ауаның ластаушылардың негізгі үлесін құрайтындар: автокөлік құралдары – 53 %,  ЖЭС-1 және ЖЭС-2 – 25%,  басқа стационарлық көздері (автономды қазандық, жеке кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер) – 17%», – деп атап өтті Елорданың ауа бассейнінің ластануына арналған брифинг барысында энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.

Елордада стационарлық көздерден шығарындыларды қысқарту мақсатында бірқатар экологиялық іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Астана-Энергия» АҚ табиғатты қорғау іс-шаралары бойынша азот тотықтарын басу, күлді азайту бойынша жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде астаналық ЖЭС жылына 450 тонна күл  шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік алды.

«Жыл сайын екі ЖЭС-ның күл үйінділерінен 115 мың тонна күлді құрылыс және жол құрылысы мақсаттары үшін тұтынушылар пайдаланады», - деді М. Танабаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109