877

8 мыңнан астам автокөлік иесіне газдалу деңгейін асырғаны үшін айыппұл салынды

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экология департаменті ІІД жол полициясымен бірлесіп қалалық автокөліктерге тексеріс жүргізіп, газдалу және түтіндету деңгейін асыру фактісін анықтауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

«Осы жылдың 9 айында 12 907 бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 39 млн теңгеге 8 291 әкімшілік айыппұл салынды», - деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев елорданың ауа бассейнінің жағдайына арналған брифинг барысында. 

Оның айтуынша, Астанада ауа атмосферасының сапасын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Атап айтқанда, коммуналдық кәсіпорындардың  854 көлігі газга көшірілді. Жеке және заңды жеке тұлғаларға газ балондық құрылғы орнатуға 14 мыңнан астам рұқсат берілді. 500-ден астам такси қала әкімдігі мен таксомоторлық компаниялар арасында қол қойылған меморандумға сәйкес газга ауыстырылады. 

Бұған қоса, елордада жолаушылар тасымалында ЕВРО-5 санатына жататын 738 автобус пайдаланылады. Оның 380-і 2017 жылы сатылып алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109