1197

«Астана энергия» күкірт оксидінің қалдықтарымен күреспек

«Астана – Энергия» АҚ азот оксидтерін төмендету мен көмір қалдықтарын азайту бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Олардың нәтижесінде елордадағы ЖЭО шығаратын көмір қалдықтары жылына 450 тоннаға дейін қысқарды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 «Астана энергия» экологиялық іс-шараларға 100 млн теңгеден астам қаражат бөледі. Мәселен, 2018 жылы компания Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлесіп, ауаны ластаушылардың бірі - күкірт оксиді қалдықтарының деңгейін төмендетуге бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама аясында жұмыс істемек.

«Барлық қазандықтардағы азот оксиді қалдықтарына қатысты нормаларды бізді қалыпқа келтірдік деп айтуға болады. Енді күкіртпен күресуіміз керек. Оған қатысты қазандықтарымыздағы техникалық көрсеткіштер нормадан біршама жоғары. Қазандықтардың аталмыш регламент енгізілгенге дейін жөндеуден өткені бұған себеп болса керек. Осыған орай, біз ЕҰУ-мен жасалған келісім-шарттың негізінде келесі жылы  «БКЗ -420» қазандықтарын зерттеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Ғалымдардың жасаған ұсыныстарының ішінен технологиялық, экологиялық және экономикалық жағынан ең үздік нұсқасын таңдайтын боламыз», - деді «Астана энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Уткин елорданың ауа бассейні тақырыбына арналған баспасөз туры барысында.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ЖЭО-2-нің төрт қазандығының агрегаттары жаңғыртылатынын жеткізді. Олардың бірі 2018 жылдың алғашқы тоқсанында, екіншісі 2018 жылдың соңына дейін және қалған екеуі 2019 жылы жаңғыртылады деп күтілуде. Жаңғырту шаралары негізінен азот оксидін төмендетуге бағытталады.

«Қолданыстағы техникалық регламент қалыпты метрге келтірілген 420мг құрайды. Осы көрсеткішке дейін азот оксидін төмендетеміз. Жаңғырту шаралары жүргізіліп жатқан қазандықтардың барлығында да осы талаптар орындалатын болады.

Қазандықтар жаңғыртудан өткеннен кейін мұнда жалынды үш мәрте үрлеу арқылы созуға мүмкін болады. Жалынды созу кезінде жалын өзегіндегі температура төмендейді. Температура неғұрлым төмен болса, соғұрлым азот оксидттері аз бөлінеді», - деді «Астана энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109