960

Астана қою түтіннен қалай құтылады?

Елорда бірте-бірте жаңа энергетикалық модельге көшеді. Ол жұмыстарға халықаралық сарапшылар, «жасыл белсенділер» тартылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Энергетика министрлігінің аумақтық экология департаменті мен «Қазгидромет» РММ-нің мәліметтері бойынша 13 желтоқсаннан бастап Астанада қыс мезгіліне тән емес желсіз ауа райымен сипатталатын антициклон орнаған болатын. Аумақтық экология департаменті мәлімдегендей, қалада түтіннің жайылуына негізінен автомобиль көлігінен шығатын улы газдар (53%), сондай-ақ, үйлерін көмірмен жылытатын жеке сектор себеп.

Іс-шаралар жоспарын іске асырудың шеңберінде экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ЖЭО-1-де экологиялық жабдық орнатылып, ЖЭО-2-гі төрт қазандықтың агрегаттары жаңғыртылады. Биыл мұнда алғашқы қазандықты ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш шаралар 2018 жылдың қаңтарында аяқталады деп жоспарлануда. Екінші қазандық 2018 жылдың соңына дейін, қалған екі қазандық 2019 жылы ауыстырылады.

Астана қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаевтың келтірген мәліметіне сүйенсек, таяуда жеке секторда жүргізілген рейд тұрғындардың үйлерін жылыту үшін дөңгелек, пластмасс сияқты бөтен заттарды жақпағанын көрсеткен. Осы шаралардың нәтижесінде, сондай-ақ, кей азаматтардыңсапасы төмен көмірді пайдаланатыны анықталды. Бұл ретте қазіргі таңда Астанада сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елорда әкімі, сондай-ақ қолданылып жатқан экологиялық шаралардың жеткіліксіз екендігін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау амалдарын қайта қарауды тапсырды.

«Экологиялық заңнаманы қатаңдатуды ұсынып, қазіргі таңда қалада жұмыс істеп тұрған барлық құрылымдарды қайта құруымыз керек. 2018 жылы атқаралатын іс-шаралардың ішінде әкімдік экология саласына басымдық бермек. Біз тәуелсіз сарапшыларды, экология жанашырларын, ғалымдарды тартып, арнайы комиссия құрамыз, бірқатар қоғамдық тыңдаулар өткіземіз», - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуына қарағанда, жүргізілетін жұмыстар 2 бағытты қамтымақ. Алғашқысы Кешенді жоспардың аясында ЖЖМ мен көмір сапасын бақылау бойынша жаңа шаралар мен амалдарды әзірлеуді, экологиялық заңнаманы бұзушыларға қатысты айыппұл санкцияларын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды көздейді.

«Екінші бағыттағы жұмыстар көлікке қатысты болады. Оның шеңберінде ЖЖМ жаңа стандарттарға көшіріліп, қала аумағына ауаны ластайтын ескі көліктерді әкелуге, оларды пайдалануға тыйым салынады. Қазіргі таңда Астанадағы автомобильдер саны 350 мыңды құрайды (транзиттік көлік құралдарын санағанда олардың саны 400 мыңға жетеді). Елордадағы ауаны ластаушы заттардың 50% автомобиль көліктерінің еншісінде. Сол себепті,елордада жаңа амалдарды қолдану керек. Мүмкіндік болса, заңнамаға өзгерістер енгізуіміз қажет», - деп жалғастырды қала әкімі.

Әсет Исекешевтің сөзінше, алдағы уақытта Астананы газдандыру шаралары жалғасын табатын болады. Бүгінде Назарбаев университетінің ғимараты сұйытылғангазбен жылытылуда. Магистральді газ құбырын тарту мәселесі Үкіметтің қарауында жатыр. Әкімдік өз кезегінде жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтауда.

Бұдан бөлек, Кешенді жоспардың аясында әкімдік жылу толқындарын басқаруға қатысты екі жобаны іске асырып жатыр. Қазіргі кезде бір айда 800-ге жуық Гкал-ды үнемдеуге мүмкіндік беретін құрылыс нормалары мен ережелері қайта қарастырылу үстінде.

«Бірінші кезекте, бізге сараптама мен мониторингтің жаңа жүйелерін құру қажет. Бұл жүйе әр аудандағы ауа сапасы туралы, оның құрамындағы зиянды заттар туралы толыққанды мәлімет беріп отыруы тиіс. Ол жұмыстарға біз халықаралық сарапшыларды (БҰҰ, Дұниежүзілік банк пен т.б.), «жасыл белсенділерді» тартуымыз керек. Келіссөздерді жүргізуді жалғастырамыз», - деді Ә. Исекешев.

Ұзақ мерзімді перспектива жөнінде айтар болсақ, Астана әкімі төмен көмірсутекті даму стратегиясының жобасын әзірлеуді жүктеді. Жоба зиянды қалдықтардың азаюын, энерготиімділік бойынша белсенді жұмысты және энергияның баламалы көздерін дамытуды көздейді. Осы жобаның негізінде Астанада қаланың жаңа энергетикалық моделі құрылатын болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда қалалық ЖЭО-2 300 Гкал-ды өндіреді. Алдағы уақытта қаладағы аталмыш көрсеткіш 6 000 Гкал-ға дейін өсуі тиіс. Елорда билігі өкілдерінің пікірінше, бұдан былай қала көмірді пайдалану арқылы ескіэнергетикалық модель бойынша дами алмайды.

«Экологияның өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштеріне айналып отырғандығын ескере отырып, осы тақырып төңірегінде қоғамдық тыңдаулар, дөңгелек үстелдер сияқты бірқатар шараларды өткізгеніміз жөн. Жаңа экологиялық бағдарламада ұзақ мерзімді, мерзімділігі орташа және қысқа мерзімді мақсаттар анықталып, жаңа индикаторлар, амалдар мен құралдар пысықталатын болады. Төмен көмірсутекті даму принциптеріне көшу, елорданы газдандыру, «таза көмір», ғимараттардың энерготиімділігі технологияларын пайдалану да бағдарламаның маңызды деген бағыттарына жатқызылады», - деп баса айтты Әсет Исекешев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109