1272

Жасыл белдеуден Жаңа жыл қарсаңында бірде-бір қарағай кесілмеген

Астана каласының шекарасының ішінде жалпы ауданы 14 827 га және соның ішінде 11 502 га аумаққа 9,6 млн агаш пен 1,8 бұталар отырғызылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының жасыл белдеуін кұру  Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 1997 жылы қолға алына бастаған еді. Бүгінгі таңда Астана каласының жасыл белдеуінің кұру жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады екен. Бірінші кезең 1998-2004 жылдар аралығы. Осы жылдарда Астана қаласының шекарасының ішінде жалпы ауданы 14 827 га және соның ішінде 11 502 га аумаққа 9,6 млн ағаш пен 1,8 бұта отырғызылған.

2005 жылдың 24 наурызында жаңадан жасалып жатқан Астана қаласының жасыл белдеуінің жас ағаштарын күтіп баптау және одан әрі көбейту мақсатында Астана орманы мекемесі құрылған. Бүгінде мекеме өскен, жұмысы да қауырт, сәуір айынан бастап қыркүйектің аяғына дейін (орман ағаштарының вегетациялық кезеңі барысында) жас көшеттер отырғызу, суару, арамшөп жұлу және басқа да күтіп-баптау жұмыстарына орта есеп бойынша 700-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 620-дан астамы Астана қаласын айнала орналасқан ауылдардан келген жұмысшылар құрайды.

Астана орманыңда жұмыс жыл он екі ай тоқтамайды, жазда ағаш отырғызу, күту жұмыстары жүрсе, қыс мезгілінде отырғызылған ағашты көлденең адамдардың кесіп алуынан, ал орман жануарлары мен құстарын аңшылардың атып алуынан қорғау жұмыстары жүреді. Әсіресе, Жаңа жыл алдыңда қарағайды қорғауға байланысты жұмыс күрт қыза түседі. Биыл да орманшылар желтоқсан айының 10-31 аралығында қарағайды күзетуге тәулік бойы кезекшілікке шығуда. 

«Бізде төрт тұрақты және екі жылжымалы күзет бекеті бар. Желтоқсан айының 10-нан бастап тұрақты тәуліктік күзет қызметіне шығып жатырмыз. Ағашты кесуге жол бермеу және бүлдірмеу үшін. Бұл тәуліктік күзет желтоқсан айының 31-і күнгі түнгі сағат 10:00-ге дейін жалғасады. Соңғы жылдары ағаш кесу фактісі тіркелмеді. Тек 2015 жылы бір оқиға болды. Біз оны ұстап алып, полицияға тапсырғанбыз», - дейді Астана орманы мекемесінің орманшысы Кәрім Нұрпазыл.

Астана қаласының жасыл белдеуін құруының бірінші кезеңінде отырғызылған сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, жалпақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, сопақ жапырақты жиде, қазақстандық терек сияқты саны 9,6 млн аса ағаш және 1,8 млн. жуық сары қарақат, ақ көріктал, бессей шиесі, татар ұшқаты сияқты бұталар өсіп келеді. Ал екінші кезеңдегі отырғызылып жатқан сібір шыршасы, балқарағай, емен талдарының жас көшеттерін атап айтуға болады.

«Астана қаласының климаты Қазақстан Республикасындағы өсетін ағаштардың барлық түрлерін өсіруге толық қолайлы деп айта алмаймын. Дегенмен, елордамызда отырғызылған ағаштардың барлығы  жақсы өсіп жатыр. Өйткені, ағаш отырғызу үшін алдымен мекеме мамандары Қазақ ғылыми зерттеу орман шаруашылық институтының мамандарымен бірлесіп орман ішінде өндірістік тәжірибе участоктарында ғылыми тәжірибе жұмыстарын жүргізеді. Ол участоктарда 3 жылдай уақытта әртүрлі талдардың түрлері сынақтан өтеді. Мысалы, аязға, қуаңшылыққа және көктемгі мамыр айларында болатын қатқақтарға төзімділігі  сыналады. Тек осы жұмыстардың нәтижесін ескере отырып ағаш отырғызу жобасы дайындалады. Жасалған жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен соң ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі», - дейді Астана орманы мекемесінің бас агрономы Ардақ Қасенов. 

2012-2016 жылдар аралығында 1 846 560 түп жас көшет Астана қаласы жасыл белдеуінің «Оңтүстік батыс» участогіне отырғызылған. Ал 2017 жылы Астана қаласының жасыл белдеуінің «Аэропорт 1 кезең» участогіне 280 452 түп жас көшет және ландшафттық биотоп жасау үшін жасы 7-8 болатын үлкен 648 тал отырғызылған. Мұның бәрі жасыл белдеуді құруының бірінші кезеңінде 1998-2004 жылдарда отырғызылған, яғни 11,5 млн ағашты қоспағанда.

«Ағаш отырғызу оңай жұмыс емес, бірақ отырғызылған ағашты өсіру одан да қиын іс. Ағаш отырғызу науқаны аяқталған соң күтіп- баптау жұмыстары басталады. Атап айтсақ, біріншіден қылқан жапырақты көшеттерге күннің тікелей түсетін сәулесінен қорғау үшін қамыстан қалқан жасалады. Сосын суару жұмыстары кезінде әр көшеттің түбіне 20-30 литрдей су құйылады (маусымына 12 рет), одан кейін ылғал сақтау және арамшөпті жою үшін суарылған көшеттердің түптерін тырмалап қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Қатараралық кеңістіктегі өскен арамшөптерді трактор тіркеген культиватор арқылы жоямыз. Ормандағы ағаштарды даладан келетін өрттен сақтау мақсатында әр кварталдың шекарасының бойымен ені 6 метр болатын минералды жолақ жасалады. Оны арамшөп өскен сайын механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Осы сияқты жұмыстарды жүргізу үшін мекемеде 108 түрлі техника бар. Олардың басым бөлігі әртүрлі ауыл шаруашылық тіркемелері бар 40 шақты трактор, 10 шақты суару жуғыш машина, 24 камаз жүк көлігі және тағы басқалары бар», - деді Астана орманы мекемесінің бас агрономы Ардақ Қасенов. 

Мәтін: Мейрам Мұқыш

Фото: Әділхан Илиясов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109