1330

Футболдан өткен Жібек жолы кубогында Вагиз Хидиятуллин Әсет Исекешевке доп сыйлады

Астанада өтіп жатқан «Global Silk Road» Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумының қорытындысы іспеттес және Ресей елінде өтіп жатқан «World Cup Russia 2018» футболдан Әлем чемпионатын қолдау мақсатында Жібек жолы кубогы үшін футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жолдастық кездесуде мэрлер құрама командасы мен халықаралық Ислам іскерлік қауымдастығының құрама командасы кездесті. Жібек жолы кубогының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елорда әкімі Әсет Исекешев жолдастық кездесуге жиналған қос құрама команда мүшелерін қошеметтеп ойында сәттілік тіледі.

«Баршаңызды Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы аясында көптеген шаралар өтті. Ал бұл спорттық мереке форумның әдемі қорытындысы деген ойдамын. Ойын сәтті өтсін. Баршаңызға жеңіс тілеймін», - деді Әсет Исекешев. 

Ойын алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны тыңдалды. Ал Әсет Исекешевке Ислам іскерлік қауымдастығының құрама командасы атынан команда капитаны, танымал футбол жұлдызы Вагиз Хидиятуллин доп сыйлады және осы құрама сапында футбол жұлдыздары Руслан Нигматуллин, Андрей Канчельскис, Ринат Дасаев бар. 

«Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Жібек жолы кубогы болып жатыр. Қос құрама жарысқа дайын. Мэрлер құрама командасы сапында Елорда әкімдігінің қызметкерлері де ойнайды. Жалпы әкімдік қоғамдық спортты дамытуға көп көңіл бөлуде, қала әкімі бас болып, әкімдік қызметкерлері қолдап спортты жанына серік еткен. Жақсы ойын көрсетеміз», - деді «Астана Су Арнасы» МКК-ның Бас директоры Зейнулқабден Табиғат.

Әр құрама команда сапында 20 ойыншыдан бар. Футболшылар 20 минуттан тұратын екі тайм ойнады, арасында 5 минут демалыс берілді. Ал ойыншы алмастыру еркін түрде жүрді. Жолдастық кездесудің аты затына сай болып ойын тең аяқталды, есеп 2:2. Қос құрама мүшелеріне бүгінгі футбол мерекесінен естелік ретінде сыйлықтар берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109