1982

Жасыл белдеуде қырғауыл саны қалай көбеюде?

Астана орманы мекемесі құрылғалы сегіз мыңнан астам қырғауылды жасыл белдеу орманына жіберген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана орманы мекемесі Астана жасыл белдеуін аң мен құсқа қолайлы ету үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі - Астана орманына қарасты қырғауыл фермасы. 

Ең бірінші Астана қаласының жасыл белдеуінде аңшылық қырғауылды жасанды өсіру  және жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме алынған. Қырғауылдар аязға төзімді (түнде қарға оранып алады), олар күтімді аса қажет етпейді. Тек қана қысқы уақытта қосымша тамақтандыру қажет.

Табиғатқа жіберілген қырғауылдар қорегі өсімдік тағамдарынан - тұқымдар, жемістер, тамыр сабақтарынан және өсімдіктердің жасыл бөліктерінен тұрады, алайда мүмкіндік болса олар жануарлар азықтарымен, жәндіктермен және олардың балаңқұрттарымен, өрмекшілермен, құрттармен, ұлулармен қоректенеді. 

Астана орманы мекемесі 2010-2011 жылдары 125 қырғауыл сатып алып, оны көбейтумен айналысқан. Алты жыл ішінде инкубациялық жолмен жұмыртқадан 9883 бас қырғауыл шығарылып, оның 8483 басы жасыл белдеу орманына жіберілген.

Еркіндіктегі қырғауылдарға үнемі бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта тор үйлерде 1340 қырғауыл бар. Келесі жылы орманға 1800 бас қырғауыл шығару жоспарлануда. 

Қырғауыл өсіру келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі: зиянкес-жәндіктермен күрес (зиянкестерден қорғаныс биологиялық тәсілі), жасанды жасыл белдеу алқабын табиғи орман, жабайы табиғат жағдайы талаптарына барынша жақындату. Үшінші, Қазақстанда қырғауылдардың мекендеу ареалын кеңейту.

Жұмысшылар қырғауылдарға күніне екі мезгіл жем шашады. Бұл қырғауылдар биылғы балапандар. Жазда орманға жіберуге дайындап жатыр. 

Қырғауыл фермасында түрлі тұқымды қырғауылдар бар. Астана орманы қызметкерлері оларды шағылыстыру арқылы Сарыарқа ауа райына төзімді жаңа қырғауыл тұқымын шығармақ. 

Қырғауылдың тауығы кіші, әтеші үлкен келеді. 

Сонымен қатар, орманшылар жабайы құстарға арнап қолдан ұяшықтар жасайды. 

Астана орманы мекемесінің бас агрономы Ардақ Қасеновтың айтуынша, қазір жасыл белдеуде қырғауылдан бөлек құр, бөдене құстары мекендейді екен. Біртіндеп жабайы құс пен аңдар да орманды мекендеуде. 

Мәтін: Мейрам Мұқыш

Фото: Әділхан Илиясов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109