1116

Астананың экологиясын жақсарту бойынша арнайы топтар жұмыс жасайды

Астана қаласы әкімдігінде «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспарын» және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын» әзірлеу бойынша Астана қаласы әкімі Ә. Исекешевтің төрағалығымен бірінші ұйымдастыру отырысы өтті.

Өткен аптада әкімдікте қала әкімі, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысқан дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жобалар ұсынылған болатын.

Аталған кеңесте қала әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспар» бірінші кезектегі және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясы» ұзақмерзімді шаралар жоспарын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің басшылығымен комиссия және келесі бағыттар бойынша жеті жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды:

1) қоршаған орта жағдайының мониторингі және экологиялық ақпаратты талдау жинағы;

2) ауа сапасын жақсарту (отын-энергетикалық кешен, жаңартылатын энергия көздерін дамыту);

3) жер үсті су ресурстары көздерінің, сумен жабдықтау және су бұру жағдайын жақсарту;

4) топырақ жағдайын жақсарту және қалдықтарды тиімді басқару;

5) экологиялық ағарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ТКШ-ты дамыту;

6) көліктердің қоршаған ортаға ластау жүктемесін азайту;

7) төменкөміртекті даму Стратегиясын әзірлеу.

Жұмыс сарапшылардың, мамандардың, халықтың қосылуымен ашық режимде жүргізілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109