1199

Астанада «Астана! Бірге жарқыраймыз!» фестивалі бастау алды

Елордада «Астана! Бірге жарқыраймыз!» экологиялық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараға елорданың 97 мектебінің 4 мыңға тарта оқушысы, қала тұрғындары мен қонақтары қатысуда.

Фестивальдің басты идеясы – ақылды технологияларды қалаларда тұрақты түрде дамыту, суды үнемді пайдалану, энерготиімділікті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастау, балаларға төтенше жағдай кезінде жасалатын іс-қимылдарды үйрету.

«Бүгін біз шеберлік сыныптары арқылы балаларға «орнықты қала» деген тіркестің мағынасын барынша түсіндіруге тырысамыз. Біз оларға экологиялық тұрғыда таза ортада өмір сүру туралы айтатын боламыз. Мұнда дәрістерді қосымша білу беру ұйымдарының педагогтары жүргізеді», - қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцан.

Оның айтуына қарағанда фестивальге республиканың 6 өңірінің өкілдері қатысып жатыр. Шара соңында фестивальдің белгісі Шымкент қаласы берілетін болады.

«Бұл белгі фестивальге қатысушы әр қалаға беріледі. Эко-фестиваль жыл бойы республиканың 16 өңірінде өткізіледі», - деді Татьяна Немцан.

Фестиваль аясында қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп, интерактивтік квест ұйымдастырылды. Соның арқасында оқушылар энерго тиімді құрылғылар мен бизнестің әлеуметтік-жауапкершілікті тұжырымдамасымен танысып, балаларға арналған «Мен ақылды қаламды сүйемін» тақырыбындағы көптеген жобалар жөнінде біліп қайтты. Фестиваль қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен кең ауқымды флешмобпен аяқталады.

Фестиваль ұйымдастырушысы – қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109