1245

Елордада шие бағы пайда болады

Астанада «Болашақ бағы» атты науқан өтті. «Астана –таза және қауіпсіз қала» экологиялық айлығы аясында Пушкин көшесінің бойындағы гүл бағында 300 шие көшеті отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның бастамасымен өткен шараға Астана әкімдігінің өкілдері, қалалық маслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аудан әкімі Ерлан Каналимовтың мәліметіне сүйенсек, жалпықалалық тазалық айлығының соңына дейін 1000 шие көшеті отырғызылады деп жоспарлануда.

«Аудан жаңа құрылып жатқандықтан Халықаралық бағдарламалар орталығы шие аллеясын сыйлауды ұйғарып, бізге осындай ұсыныс түсірген болатын. Біз бұл бастаманы қолдадық. Бүгін міне, Ақбұлақтың бойында 300 шие көшетін отырғызып жатырмыз. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Тәшенов, Пушкин және Ақжол көшелерінде де ағаш егетін боламыз. Сондай-ақ, аула ішіндегі аумақтарда да абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз», – деп мәлімдеді Ерлан Каналимов.

Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық «Астана – таза және қауіпсіз қала» экологиялық айлығы 12 мамырға дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109