1394

Астанада шыбын-шіркейгеқарсы дәрілеу шаралары жүргізіледі

Астанада осы жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейін маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дәрілеу жұмыстарын жүргізу үшін ең қолайлы уақыт қар еріп, ауа температурасының тұрақтанған кезеңі, яғни бұл жұмыстар сәуір айында басталып қазан айына дейін жалғасады.

Күн райы жылынған соң жәндіктер ақпайтын суларда, шалшықтарда, су тоғандарында жақсы жетіледі. Олардың түлеп-жетіліп шыбын-шіркейге айналу барысы жүргенше ерте көктемде оларды улау жұмыстары жүргізіледі.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп зиянкестердің дернәсілдері көп шоғырланған жерлер анықталып оны жою, дәрілеу жұмыстары қолға алынады.

Маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстары жыл сайын сәуір айында, бірінші кезекте қала маңындағы су тоғандарынан, қамыстардан басталып, кейін қала ішіндегі көк майса алаңдарға да жасалады.

Қала аумағында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үшін механикалық бүріккіш роторлар, дезмашиналар пайдаланылады, ал қала маңы елді-мекендерінде шыбын-шіркейді улау үшін термогенераторлы тұман қолданылады.

Зиянкестердің түнгі мезгілде өте белсенді болуына байланысты оларды улау кешкі және түнгі мезгілде де жүргізіледі.

Бұл жұмыс сонымен қатар, тұрғын үй кешендерінің жертөлелерінде де жүргізілуі тиіс. Сондықтан тұрғындар үй-жайларындағы жертөлелерінде шыбын-шіркейді улау, олардың дернәсілдерін жоюға байланысты жұмыстардың жүргізілуін ПИК, ЖШС, ЖК талап етулері тиіс.

Өңдеу күн райын ескере отырып жүргізіледі (ауа температурасы, жауын-шашын, желдің бағыты мен жылдамдығы және т. б.).

Өңдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы және ЕАЭО-на кіретін елдердің әдістемелік нұсқауларында бекітілген және рұқсат етілген дезинсекциялық препараттар қолданылады.Шыбын-шіркейді улаумен айналысатын ұйым жұмыс барысында барлық сақтық шараларын сақтауы тиіс.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109