893

Коммуналдық сенбілікке 30 мыңға жуық қалалық қатысты

Ұзын-саны 17 мың ағаш әктелді, 2,5 мыңнан астам көшет пен мыңға жуық бұта ағашы отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін астанада көшет отырғызудан, ағаштарды әктеуден, өздеріне бекітілген территорияны тазарту, саябақ пен гүлзарларды жинау, қоқыстардың көзін жою, объектілердің сыртқы желілерін жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. 

Экологиялық іс-шараға 28 мың қалалық, 1045 кәсіпорын мен ұйым, мекеме қатысты. Оның ішінде, Алматы ауданынан – 1890 адам және 65 кәсіпорын, Байқоңыр ауданынан – 8300 адам, 350 кәсіпорын, Есіл ауданынан – 9800 адам мен 375 кәсіпорын, Сарыарқа ауданынан – 8315 адам және 255 кәсіпорын қатысты. 

Қалалықтар жалпы 3,9 млн шаршы метр алаңды құрайтын саябақ пен гүлзарларды тазартты. Сондай-ақ қаланы тазалау жұмыстары Юго-Восток тұрғын алабы жақтағы Қордай мен Масаты көшесі, Ш. Айтматов, Қосшығұлұлы, Алматы және Ботаника бағының территориясында да жүргізілді. Бүгін қалалықтар 17 мың ағашты әктеп, 2 707 көшет (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, шырша, қайың, емен, терек, шетен, пирамидальный) және 1100 бұта ағашын отырғызды. 

Сенбілікке 103 жүк тиегіш көлік пен 185 жүк көлігі, 288 автомашина мен басқа да арнайы техникалар жұмылдырылды. Атап айтқанда, Алматы ауданында 73 арнайы мамандандырылған техника, Байқоңыр ауданы – 45, Есіл ауданы – 96 және Сарыарқа ауданында – 76 мамандандырылған техника іске қосылды. Сенбілік кезінде полигонға 880,18 тонна қалдықты көмуге шығарылды, 144 рейс жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109