Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

456

«7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет саласының мамандары 10 мың пәтердің кілтіне ие болады

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алдағы 3 жылда 3 мың оқытушыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы Астана әкімі жыл сайын өтетін тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Аталмыш бағдарлама бойынша бюджет саласының қызметкерлеріне 10 мың пәтер беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ жатақхана құрылысы да жоспарланды. Кадр тапшылығына деген сұраныстың артқанын есепке ала отырып, қала әкімдігі мықты педагогтарды тартып, оларға барлық жағдайды жасау үшін белсенді жұмыстар атқарылуда. 

«Жатақхананы осы жылдан бастап пайдалануға береміз, 200-дей орын оқытушыларға бөлінеді. Күн сайын дамып келе жатқан инфрақұрылымға байланысты біз кадрға деген сұраныстың артқанын байқап отырмыз. 20 жыл ішінде Астанада педагогтар саны 5 есеге өсті – яғни 3-тен 15 мыңға дейін. Жуық арада 5 жылда жаңа мектептер мен балабақшалардың салынуына байланысты тағы да 5 мыңдай педагогика кадрлері қажет болмақ. Сол себепті, қала әкімдігі мықты кадрлерді тартып, оларға барлық жағдайды жасауға қызу кірісіп кетті», - деді Ә. Исекешев. 

Айта кетейік, астана оқытушыларын әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасын дамыту шеңберінде соңғы 10 жылда педагогтерге 2500-ден астам пәтер бөлінді. 

«Педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қаңтарда астанада Білім беруді жаңғырту орталығы ашылып, білім беруде жаңартылған мазмұнды енгізу барысындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Онда білім алу және отандық әрі халықаралық сарапшыларды тарту арқылы білім саласында жаңа әдістемелер қолданылады. Осы уақыт аралығында 2500 педагог оқудан өтті, оның ішінде 400-і ағылшын тілінде пән өткізеді. Жекеменшік балабақша қауымдастығымен бірлесіп білікті жоғарылату және тәрбиешілердің әдстемелік тұрғыдан қажетті қолдау көрсетуге  және олардың жұмысының сапасын арттыру да жоспарланып отыр», - деді Ә. Исекешев.   

Оның айтуынша, 200-ден астам басшы тиімді менеджмент курсынан өткен. Жаңа оқу жылында курсқа тағы да 10 мың педагогты қамту жоспарланып отыр, оған серіктес ретінде Назарбаев университетін, НЗМ, Өрлеу және т.б. тартады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109