1190

Қалдықты өңдейтін кешенді зауыт келесі жылдың соңында ашылады

2019 жылдың күзінде елордада қоқыс жинау және өңдеу зауыты ашылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. ОКҚ-де өткен брифингте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалада «қоқысты жинау өңдеу» бағдарламасы жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Бағдарлама жеке инвестор және МЖӘ бойынша жүзеге асырылуда. Инвестор пластик және ағаш өңдеу цехін іске қосты.  Олар 30 қоқыс тасығыш көлік, 2 мың контейнер сатып алды. Біз қоқысты екіге бөлетін боламыз. Бірінші бөлігі – органикалық, екінші – барлық қоқыс түрі ағаш-металл, ағаш, қағаз, пластик, киім және тағы басқа жатады, оларды өңдеуге болады. Жуық арада барлық аулада контейнерлер қойыла бастайды және қоқысты екіге бөлетін боламыз», – деді Ә.Исекешев.

Әкімнің сөзінше, қоқысты екіге бөліп жинау бағдарламасының екінші кезеңі осы жылы аяқталады, ал қоқысты кешенді өндеу зауыты 2019 жылдың күзінде аяқталады.

«Кәсіпорын органикалық қоқысты толығымен өңдеп, биогаз және кей тынайтқыш түрлерін шығаратын болады. Сонымен қатар пластик, ағаш, қағаз т.б заттар өңделеді, яғни біз қоқыстың 70% өңдейтін боламыз», – деді қала әкімі.

Одан бөлек, астана әкімі қазіргі таңда жосықсыз компанияларға жазаны күшейту қаралып жатқанын айтты. 

«Астанада көктем шыққанда бей-берекет төгілген құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды көреміз. Біз жыл сайын белгіленбеген қоқыс қалдықтарын тазартамыз. Үкіметке құрылыс компанияларының тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тәртіпті күшейтуге байланысты ұсыныс енгіздік. «Doing business» жобасы шеңберінде бизнестен көптеген салалардағы кейбір талаптар алынып тасталды. Бірақ бұл жерде қала тұрғындары мен экологияға зиян келтіріп жатқан жайттар бар. Біз «Атамекен» ҰКП мен бірге тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет төгетін компанияларды бақылауға алудың оңтайлы тетігін қарастырып жатырмыз», – деді Астана әкімі.

Айта кетейік, Қазақстан «Doing Business» жобасына 2009 жылдан бері қатысуда. Осы жоба аясында Дүниежүзілік Банк жыл сайын кәсіпкерлік қызметті реттеу және қамтамасыз ету, оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді бағалау нәтижелері бойынша әлемнің 190 елінің экономикасының рейтінгісін қалыптастырады. Жоба бірінші кезекте бизнес-ортаны және оны дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін ықпал ету.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109