1986

Конституция күніне орай сауда орталықтарында мерекелік шаралар ұйымдастырылады

Конституция күніне орай сауда орталықтарында жұлдыздардың қатысуымен мерекелік думандар, концерттер ұйымдастырылып, жеңілдіктер жасалады. Бұл туралы astana.kz  сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

30 тамызда MEGA Astana СОО бағалы сыйлықтар тігілген викториналық ойындар ұйымдастырылып, концерт қойылады. «Сарыарқа» СО тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады. Мереке аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетпек. 30 тамызда «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 31 тамызда «Azia Park Live Muzic» саз кеші өтсе, 1 қыркүйек күні де концерттік бағдарлама қойылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сонымен қатар, сауда орталығына келушілер аспазшылық шеберлік сыныптарына қатысып, аквагрим жасатып, ойын залында сауық құрады.

30 тамызда сағат 16.00 «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығына келушілер «Ханталапай» қазақтың ұлттық ойынын ойнап, қолма-қол сыйлықтарға ие болады. 31 тамызда сағат 17.00 «Көк түркілер» ұлттық оркестрі қонақтардың делебесін қоздырып, құлақ құрышын қандырмақ.

30, 31 тамыз, 1 қыркүйек күндері «Арсенал» кинотеатрында «Менің Қазақстаным» атты балалар сурет байқауы өтеді. «Аружан» СОО Конституция күнін мерекелеу аясында Астана қаласының әншілері мен бишілері өз өнерлерін ортаға салады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109