1018

Жәрмеңкеге Алматы облысынан 450 тонна ауыл шаруашылық өнімі әкелінеді

20 қыркүйекте Астана  әкімдігінің алдындағы алаңда жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өз жалғасын табады. Биыл алғашқы болып Алматы облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісу өңірінен жәрмеңкеге 450 тонна өнім жеткізіледі. Оған өңірдің 19 ауданы мен қалаларының өндірушілері қатысады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50 астам өнім түрі қаладағы базар бағасынан 10-20 пайыз төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкеде 15 тонна қой еті, 16 тонна сиыр еті, 14 тонна жылқы еті, 4,2 тонна шошқа еті, 6 тонна құс еті, 12 тонна балық, 18,2 тонна сүт өнімдері, 52 тонна картоп, 194 тонна көкөніс, 12 тонна жеміс-жидек, 70 тонна т.б. тауарлар ұсынылады.

Астанада ел аймақтарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі осымен 5 жыл өткізіліп келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109