2761

Астанада тропикалық өсімдіктерден құралған кішкене бақ 10 жыл ішінде қалай джунглиге айналды

Экзотикалық өсімдіктерден құралған екі үлкен бақ жыл бойы психоневрологиялық дамуы мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қабылдайды. Мұнда кофе ағашы, қайырымды кливия, інжір, вашингтондық пальма, құрма және 100-ден астам тропикалық өсімдіктер тамырын тереңге жайған.

Бақ Ұлттық балаларды оңалту орталығында гүлдеп тұр. Он жылдан бері мұнда агротерапия жүргізіліп келеді. Өсімдікке қамқорлық жасау арқылы балалар одан жағымды әсер алады әрі еңбектің де қадірін түсінеді, бастысы бала организмі кислородпен тыныстайды. Мұнда әрбір ағаш пен өсімдіктерді күтіп баптайды. Астана әкімдігі ресми сайтының тілшісі орталықта қонақта болып, жасыл желекті қалай дұрыс күтіп, өз ісіне махаббатпен берілгендіктен нағыз джунглиге айналдырғанын көріп қайтты. 

Таныс болыңыздар, бұл Ұлжан Шайхиева – көпжылдық еңбек өтілі бар агроном. Ол Ұлттық балаларды оңалту орталығы құрылғалы жұмыс істеп келеді. Алғашқы жылдары қысқы бақ құрылған екен, яғни агротерапияға қолданатын экзотикалық өсімдіктер үшін жылыжай тектес болған. 

Ұлжан бізді орталықта кіреберістен күтіп алды. Қысқы баққа барар жолда біз ғимаратта бөлме өсімдіктері көп екендігін байқадық.

– Әрбір бөлімде гүлдер бар, біз ашық алаңқайларда адамдардың көңіл сарайын ашсын деп гүлдерді сәндеп қоямыз.

– Ауруханада қандай гүлдерді өсіруге кеңес бересіз?

–  Улы емесін. Улы өсімдіктер дәрі дайындау үшін пайдаланылады. Улы өсімдіктен адам уланып қалуы мүмкін және кейбіреулердің аллергиясы бар. 

Ұлжан мына бір өсімдіктің өсуіне 1 жыл кеткенін айтты.

–  Бұлар кислород бөледі. Егер кислород көп болса ғимарат та тазарады. Мен бір ғана өсімдіктің бөлмедегі шаңсорғыштың жұмысын алмастыра алатынын, шаң мен көмірқышқыл газын жұта алады деп естідім.

Сансевиерия, рео, гибискус...  – бұл бөлме өсімдіктерінің атаулары, күй талғамайды, өз «жұмысын» жақсы атқарады. 

Міне, ақыр соңында қысқы баққа да келіп жеттік. Орталықта екі бақ бар, онда 120-дан астам өсімдік өсіріледі, көбісі тропикалық. Мұнда балалармен бірге агротерапия мен ароматерапия мамандары жұмыс істейді. Үлкендердің бақылауымен балалар осында гүл отырғызып, оны күтіп баптап, еңбекке араласады әрі қоршаған табиғатты бағалайды.

–  Бұл жердің ауасы да өзгеше екен...

–  Жабық ғимаратта өсімдіктер ауа бөліп тұрса ол бірден білінеді.

Ұлжан бізге кофе ағашын көрсетті. Оның айтуынша, ол жыл бойы гүлдейді әрі жемісін береді. Шыны керек, кофенің «арабика» сортының дәмін әлі тата қоймадық, себебі оның технологиясын мамандар әлі зерттеген жоқ. 

Міне, мынау піскен жеміс. Осыдан кофе жасайды.

–  Дәмін татып көрдіңіз бе?

–  Біз технологиясын білмейміз, дәмін көрдік, бірақ басқаша. Біз оны қалай жасайтынын білмейміз. Егер өндіріс болса әрине оны әрі қарай жасап шығару үшін беруге болады. Жақында тағы да гүлдейді. Күз немесе көктемде жыл бойы дәнін береді.

– Міне пассифлора, ал мынау кливия – алты ай бойы өсіп тұратын қайырымды өсімдік. 

– Ал оны осында қалай жеткіздіңіздер?

- Біртіндеп. Біздің директор, қызметкерлер не табады, осында әкеледі. Бізге сыйлап та жатады. Міне мынау топырақ астанадан. Біз оны кейде құнарландырып отырамыз. Міне құрмалар. Біз алғашқы жылдары отырғызғанбыз, қараңыз қалай үлкейген. Енді құрманың жемісін күтіп отырмыз. Өзімнің туған жерімде ағаштар жемісін 15-20 жылдан кейін бере бастайды. Ал бұған 10 жыл өтті, енді жемісін беріп қалар деп күтудеміз. 

Қазір сізге авокадо көрсетемін. Қызық бір жағдай болған. Қыс кезінде кешкі сағат 5-терде бір бала қасымызға жақындады, артынан әжесі жүгіріп келеді. Бізге әлгі бала: «Осыны отырғызамын» деді. Ал әжесі поезд кетіп қалады, кешігеміз деп асықтырып жатыр. Ал ол болса еш құлақ асар емес, отырғызам болды деп тұрып алды.  Әжесі жарайды отырғыз, ол бәрібір өспейді деді. Мен балаға өсімдікті отырғызуға көмектесіп, орнына мына тасты қойдым да ұмытып кеттім. Маусымда қарасам бір «бөтен» өсімдік өсіп тұр. Осында әлгі бала екеуміз авокадо отырғызғанымыз есіме түсті. Баланың тілегі қабыл болды. Бұл өз Отанында 20 метр биіктікке дейін өседі екен. Айтуынша, жақсы жеміс беру керек дейді, әзірге күтіп отырмыз. Қазір әлі уақыты келмеді-ау.

Ең қызығы экзотикалық өсімдіктердің астананың топырағына үйреніскені. 

 «Егер дұрыс күтім жасаса кез келген өсімдік өсуі мүмкін», – дейді Ұлжан.

Ол бізді екінші баққа алып келді.

- Мұнда біз джунглиде жүргендей балаларға арналған ертегі жүргіземіз. Менің сценарийім бойынша ертегі жазылды. Оның үстіне жазушылығым да бар. 

– Міне, аяқты аспаннан келтіру!

- Маған тарихи шығармалар ұнайды, сондықтан тариха тақырыптарға бірнеше кітаптар жаздым.

- Таң қалдыра білесіз...

- Тағы бір қызық жайт, бізде екі бақ бар, балалар 4 айды бір бақта өткізсе, 4 айды екіншісінде өткізеді. Алдымен бір бақта сабақ өткізсе келесі бақ демалады. Өсімдіктерде адамдардың негативін жұтып алатын қабілеті бар, бірақ олар дауақыт өте келе шаршайды. Ол кейбір сәттерде біліне бастайды. Сол кезде балаларды келесі баққа ауыстырамыз. Ол бақтағы өсімдіктер өз өзіне келе бастайды. Мына жерде қыс бойы балалар болды. Қазір бұлар қайта қалпына келді, бір-екі айдан кейін балаларды осында көшіреміз.

Мынау вашингтондық пальма біздің топыраққа үйренді. Өте тиімді өсімдік. Оңтүстік Америка, тропикаларда өседі. 

Ол осынша биікке дейін қалай өседі?

-  Өзім де қорқып тұрмын, жақында бұл жерге де сыймайды-ау, көрдіңіз бе, діңі қандай үлкен. Ал мынау камыш – тәжік-ауған шекарасынан жеткізілді. Бұ бамбукты өсімдік. 

Ұлжан барлық өсімдікті жақсы көретінін айтты. Міне мынау бақшаға арналған аймақ. Түстен кейін ыстық қайтқан соң балаларды сыртқа шығарамыз. Бізде жүзім, шырша өседі.

Мынау мамықсыз теректі мен оңтүстіктен әкелдім, оның өсу жылдамдығы ұшбұрышқа қарағанда көп. Оның жасы алтыда. Бұл терек екіқабатты ғимараттан асып кетті. Оны әдейі астанаға бейімдеп жатырмын. Бұтағы өсіп шықты. 

Астанада осындай ақ ұлпасы жоқ теректер отырғызса...

-  Мұның бәрі көзге айтыла береді, үйде де өсіруге болады дейді. Үй тұрғанымен бір де бір ағаш жоқ. Біз ата-аналарға өсімдік көп жерде кислород болатынын айтып жатамыз. ОЛ балалар үшін ең күшті шипа, иісімен, кислородпен емдеуге болады. Тіпті осы сұлулыққа қарап-ақ баланың көңіл-күйі жақсаруы мүмкін. 

-  Қызанақ, қияр өсіпті. Мұны балалар үшін жасаудамыз. Олар отырғызар кезде бізге көмектеседі. Үйде балаларға мұны жасатпауы мүмкін, ал біз бала өсімдіктермен жұмыс жасаса оның денсаулығына пайдасы тиетінін айтамыз. Оның үстіне, бала өзін керек сезінеді. Баланы ауру болған соң шеттетіп жатыр дейді ғой, керісінше оны еңбекке баулу керек. Бақ та балалардың бәрін өз қолымен егіп көруі үшін жасалған. 

-  Бірде мынадай оқиға болды. Бір бала отырған жерінде сурет салды. Қараңыз, ол өсімдікті қағазға көшіріп салған. 

Бізге бұл оқиға өте қызық көрініп, Ұлжаннан әлгі суретті көрсетуін сұрадық. Балалардың суретін Ұлжан папка мен  файлдарға салып сақтап қойыпты. Бұл өте құнды суреттер. 

- Гүлді жұлуға және өсімдіктің кесіндісін ұрлауға болмайды деген рас па? Ұрланған өсімдіктерді жақсы өседі деп айтып жатады...

- Өсімдіктің ақпарат жазатын ерекшелігі бар. Ол ақпарат ұзақ сақталуы мүмкін. Сол себепті, бір бақты жауып өсімдіктерді суарамыз. Өсімдіктер судан жасалған, су да ақпаратты есте сақтайды.

Мысалы бір жерде және сол жерде апат болып жатады. Неге? Себебі олжер ақпарат жазып алады. Оны біз білмейміз, табиғат солай. 

Сосын мынадай да ырым бар, егер саған гүлдің өскінін берсе бір теңге болсын ақшасын бер...

-  Бұл енді өтірік. Өсімдікте  біреуді өлтіретін немесе біреуге жамандық істейтін о функциясы жоқ. Ол да біз сияқты тірі организм. Ол өседі, бұл клетка. Су ішеді, тыныс алады, оған әрдайым жақсы әңгімелер айтсаң жақсы ойласаң ол да саған жақсы ой болып оралады. 

Өсімдік өз функциясын орындайды – гүлдейді, өседі, ауаны тазартады.

 Мәтіні Меруерт Нұрғазинова

Фото Закир Бикмухаметов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109