3423

Орталық саябақтың жұмыскерлері аққу махаббаты мен адалдығы туралы айтып берді

Елордада Астаналық саябақтың мақтанышына айналған аққулар қала қонақтары мен тұрғындарын қуантуда. Олар мекендейтін жалғыз тоған астаналық саябақта орналасқан, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

 

Аққулар құстар арасындағы ең ірі қанаттылардың қатарына жатады, он жылдың ішінде олар адамдарға бой үйретіп қалған. Олар су жағасындағы адамдарға жақындап келіп, қорек болар суға лақтыратын жемін күтіп тұрады.

«Олар паркті мекендегелі бері түрлі қызықты жағдайлар болды. Жалпы күзге қарай қай бірінің қанаты қатайған кезде ұшып кетуге талпынады. Ол ылғи да аталығы. Екі жыл бұрын аққу ұшып кетіп, екі күн Есіл өзенін мекендеген, бірақ аққулар жалғыз жүрмейді, сол себепті аналығына қайтып оралған», дейді Астаналық саябақтың пайдалану бөлімінің басшысы Ирина Масленко.

 

Қазіргі күнде саябақта үш ақ аққу бар. Бір қос ақ аққу да, бір аналық аққу және екі қара аққу бар. Өздеріңіз білетіндей бұл құстар саябақта өмір сүреді. Неге бір аққудың сынары жоқ деген сұраққа қызметкерлер бір жұптағы аталық құстың қызғанышы екінші жұптағы аталықтың өліміне әкелгенін айтты. Себебі ол өз жұбын екінші жұптың аталығынан қызғанған. Дегенмен саябақ қызметкерлері жалғыз аққуды басқа аққуға қосқысы келген, бірақ аққу өзінің алғашқы жұбын аңсауда екен.

Аққулар бір-біріне өте адал келеді, жұбын күтеді, оны қорғаштайды.

Ирина Масленко адам баласының құстарға деген құрметін, құстардың адалдығын білдіретін бір оқиға туралы айтып берді.

«Біз құстарды вакцинацияға апардық, екі аналық, бірінің жұбы бар, бірінің жұбы жоқ. Екпе жүргеннен соң екі күн құстарды бақылап отыру керек. Екі құсты алып кеттік, ал аталық аққу қалды. Екпе егілген соң құстар екі күн сол жақта болды, біз оларды қайта әкелген кезде, көлік тұраққа кірісімен ар жақ бетте жүрген аталық аққудың қалай шығып кеткенін білмейміз, бізге қарай ұшып келді. Сол кездегі аққулардың қауышқанын көрсеңіз, бір-бірін қанаттарымен құшақтап көрісіп, сағыныштарын басты. Оның жұбы екі күн жоқ болғанға өзін қоярға жер таппай, барлық бұрышты шарлап, қиқулап іздеумен болған. Міне аққудың адалдығы деген осы шығар», - деді ол .

 

Өткен жылы астаналық саябақтың арығына екі қара аққуды жіберген.

«Біз саябақты кеңейтіп Краснодар питомнигінен бір-екі қара аққуды сатып алуды ойластырдық. Қазір тоғанда 3 ақ аққу, 2 сыбырлауық қара аққу жүзіп жүр», деді «Коммуналдық меншік қоры» МКК директорының орынбасары Ғани Хасенов.

 

Жаз мезгілінде құстар тоғанда болады, ал қыста «Астана орманының» жылытылатын арнайы нысанында болады.

Оның сөзінше, құстарға арнайы мамандар күтім көрсетеді және олар үшін арнайы дүңгіршек жабдықталған, олар сонда түнейді. Олар мекендейтін тоған аптасына үш рет тазартылады. Аққулармен бірге тоғанда жеті сәндік үйрек мекендейді.

 

Мәтін: Меруерт Нұрғазинова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109