1345

2017 жылы «Сарыарқа» ауданында тұрғындардың өтінішімен 281 аулаға жөндеу жүргізілді

«Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің кезекті есептік кездесуі № 68 орта мектепте өтті. Әкіммен кездесуге ауданның 250-ден астам тұрғыны келді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкім баяндамасында 2017 жылы аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінгенін айта кетті. Яғни, тұрғындардың өтініші бойынша аудандағы 281 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында 22 ауланы көріктендіріп, асфальт төсеп, кішігірім архитектуралық ретке келтіріп, балалардың ойын алаңын жаңартты. Сондай-ақ, тағы да бес мекен-жайға 61 жаттығу құралдары бар спорттық алаңдар орнатылды», - деді А.Тұрлыбек.

Бұдан басқа, ауданда көлемді түрде  көгалдандыру жұмысы жалғасуда. Өткен жылы 7 415  ағаш пен түрлі тал-дарақ отырғызылып, 20 174 шаршы метрге 1 миллионнан астам гүл егілді. 1128 шаршы метр жерге газон жамылғысы төселіп, 8 тау сияқты шыңдар орнатылды. 

«Кәдімгі аршадан жасалған 24 түрлі көкпеңбек сәкі мен 86 көк шыршадан жасалған мраморлы контейнер орнатылды. Ал газонды гүлдермен көмкеріп қоршалған 498 шарбақ жасалды. Тастар мен арамшөптерден 287 га алаң тазартылды. Биыл да ауданымызда көгалдандыру жұмысын ауқымды түрде жалғастырамыз», - деді А.Тұрлыбек. 

Әкім әсіресе ауданның санитарлық тазалығына ден қойған.

«Мердігер мекемелер полигонға 27 мың тонна қалдық зат шығарды. Тазалықты қамтамасыз ету және көріктендіру ережесін сақтауда ауданда жалпықалалық коммуналдық сенбіліктер жүргізілді, оған 71 мыңнан астам адам қатысты. 45 санкциясыз сұйық қалдықтар жойылып, 4950 тонна қалдық шығарылды», - деді аудан басшысы.

Есептік кездесуге келген тұрғын алабының халқы транспорт пен бейнебақылау камерасын орнату туралы мәселені көбірек сұрады.

А.Тұрлыбектің айтуынша, «Сарыарқа» ауданында 247 тұрғын үйде небары 2 865 бейнебақылау камерасы және 85 «Сергек» камерасы орнатылған. Биыл да 1500-ден аса бейне бақылау камерасын орнату жоспарда бар.

Арман Тұрлыбек барлық ұсыныстар мен тілек, ескертпелерді қабылдап, халықтың қордаланып қалған мәселесін шешуге уәде берді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109