1041

«Есіл» ауданында 65 аялдама салынады

«Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында аудан халқы қоғамдық көлік пен аялдамалардың жетіспеушілігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Триумфалды қақпа жақта тұратын бір тұрғын әйел жаңа аялдама орнатып, мектеп оқушыларының оқу орнына және спорт кешендеріне алаңсыз қатынауын шешіп беруін өтінді. 

Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселенің өзекті екенін алға тарта келе, осы жылы  65 аялдама кешенін орнатуды жоспарлап отырғандарын хабарлады. 

Әкімнің мәліметінше, өткен жылы 84 жаңа автобус пайдалануға босатылған, алдағы уақытта тағы да 170 қоғамдық көлік босату жоспарлануда. Тұрғындардың бірнеше мәрте шағымдануына байланысты № 47, 54, 100, 107, 301 жаңа маршруттар қосылды. № 12 бағдардың жүрісіне өзгерістер енгізілді.  «Есіл» ауданында 270 аялдама бар, қосымша 65 орнатылмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың халықпен кездесуі 19 қаңтар күні басталды және 27 қаңтарға дейін жалғаспақ. Осы уақыт аралығында 8 кездесу болады, онда аудан басшысы денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлерімен, тұрғын үй алаптарын қоса алғанда аудан халқымен кездеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109