1105

«Сарыарқа» ауданында 10-нан астам үйге жаңа лифті қойылады

Келер айда Бөгенбай батыр даңғылы, 28 мекен-жайында тұрған тұрғын үйге екі лифті орнатылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты. 

Бұл туралы «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен есептік кездесуде айтты. 

«Есептік кездесуде «Махаббат», «Шаңырақ» ТК-нің тұрғындары көтерген өзекті мәселелердің бірі лифтілердің сапасыз қызметі және қызмет көрсетуінің нашарлығы. Бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешілмеген еді. 2017 жылы біз 18 жаңа лифті орнаттық, соның ішінде «Махаббат-1,2» ТК - 10, ал «Шаңырақ» ТК -8 лифті. Сонымен қатар, ақпан айында біз Бөгенбай батыр даңғылы, 28 мекен-жайында тұрған тұрғын үйге екі лифті орнатамыз», -деп атап өтті А.Тұрлыбек

Әкімнің сөзінше, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында 11 лифті ауыстырылады. 

«Жалпы осы жылы 10 үйде 16 лифтілік қондырғыны ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Самал шағын ауданында -13, Жангелдин көшесінде -3 лифті ауыстырылады.», - деді А.Тұрлыбек

Еске сала кетейік, өткен 2017 жылдың төртінші толқсанында тұрғын үйлерде лифтілік қондырғылардың сапасын арттыру және техникалық қызмет көрсету салалық қауымдастықпен өзара іс-қимыл бойынша меморандум бекітілген.

Осы құжаттын негізінде лифтілік ұйымдарға және лифтілік қондырғылардың орнатылуы бойынша талап күшейтіледі. 

«Сарыарқа» ауданы әкімінің келесі есептік кездесуі ертең сағат 15:00-де, І.Есенберлин көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан «Жастар» теары ғимаратында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109