1107

Осы жылы «Сарыарқа» ауданы жарықтана түседі

2018 жылы «Сарыарқа» ауданында сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасатын болады, деді аудан әкімі Арман Тұрлыбек халықпен есептік кездесу барысында.

«Өткен жылы біздің «Сарыарқа» ауданы тұрғындарының ұсыныстары негізінде аулаішілік аумақтарды жарықтандыру бойынша жоспар әзірленді және толығымен орындалды. Жалпы алғанда аудан бойынша 168 үйге 203 шам орнатылды. Бұл бағытта жұмыс осы жылы да жалғасатын болады», - деді А.Тұрлыбек.

Әкімнің сөзінше, өткен жылы 35 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілген, соның ішінде «Көктал» тұрғын алабында – 9, «Өндіріс» тұрғын алабында – 9 көше. 

Сарыарқа, Абай даңғылдары мен Кенесары көшесінде жаңа жарықдиодты шамдар орнатылған. 

Сонымен қатар, «Арбат» саябақ аумағында және Есіл өзені жағалауында жарықтандыруды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Технопарк ауданында, Карбышев көшесінде және вокзал маңындағы алаңда жарық орнатылды.

«Өздеріңіз білесіздер, біз «Самал» шағын ауданы, «Сана», «Симфония», «Болашақ» ТК-не, «Арман» БО және т. б  15 ірі объектіге жарық иллюминационды қондырғы орнату жұмыстарын жүргіздік», деді А.Тұрлыбек. 

Естеріңізге сала кетейік, аудан аумағында орналасқан 1026 көппәтерлі тұрғын үйдің, 669-да аулаішілік жарықтандыру бар, қызмет көрсететін 1315 шам орнатылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109