1253

2017 жылы 14,5 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алған

Өткен жылы «Есіл» ауданында 600 зейнеткерді, 100 көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі 200 баланы қамтыған 65 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

«Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықпен есептік кездесуі барысында, өткен жылдың қорытындысы бойынша 14700 адамның атаулы әлеуметтік жәрдем алғанын айтты.   

Ал Құрбан айт мейрамы кезінде «Нұр Астана» мешітімен бірге аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жетімдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, жалпы ұзын-саны 260 адамға көмек көрсетілген. 

Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, халықтың аз жұмылдырылған тобына нысандардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мекемелерде құжаттандыру жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 186 нысан, оның ішінде 148 шағын және орта бизнес құжаттандырылған. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, өткен жылы жасы үлкен аға ұрпақ үшін бос уақытын өткізетін алты мини-орталық ашылды», – деді Е.Бөлекпаев. 

Аудан әкімі кездесу барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен 30 көпбалалы ананың марапатталғанын хабарлады. 

Қазіргі таңда «Есіл» ауданында 16 мыңнан астам зейнеткер тұрады, оның ішінде 8 ҰОС ардагері, 349 тыл еңбеккері, 3491 мүмкіндігі шектеулі адам бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109