1529

«Сарыарқа» ауданының тұрғындары 187-ші көшенің атын ауыстыруды өтінді

187-ші көшеде орналасқан «Алтын босаға» тұрғын үй кешенінде тұратын әйел азаматша «Сарыарқа» ауданының әкіміне көшенің атауын ауыстыруын өтінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

"Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбек халықпен есептік кездесуі барысында, аудан тұрғыны 187-ші көшенің атауын ауыстыруды өтінді. 

"Мен осымен "Алтын Босаға" ТК екінші жыл тұрып жатырмын. Осы үйдің тұрғындары аудан әкімінің жасап жатқан жұмысына көңіліміз толады, әкімге қолжетімді жағдай жасалған, тұрғындар үшін арнайы чат құрылған. Одан басқа, біздің көшеден Күмісбеков көшесіне дейін асфальт жол төсеген, қарды уақытында тазалайды, жарықпен де жақсы қамтамасыз етілген. Бірақ біздің бір тілегіміз бар, көшенің атауын ауыстырсаңыз. Өйткені бізге келетін қонақтар, таксистер, пошта қызметкерлері үйімізді таба алмай жатады" - дейді азаматша тұрғын. 

Арман Тұрлыбек халықты елде көшенің атауын ауыстыруға 2007 жылы мораторий жарияланғанын еске салды. 

"Қазір мораторийдің мерзімі бітті, енді заңда қалай рұқсат беріледі, соған сәйкес көшенің атауын ауыстырамыз", - деп жауап берді әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109