1231

«Делдалдарсыз»: елорда тұрғындары өз көкейіндегі сауалдарды қала билігіне тікелей қою мүмкіндігіне ие болды

Бүгін Астанада алғаш рет қала әкімінің орынбасарларының халық алдында есеп беру кездесулері бастау алды. Қазіргі таңда «Астана» концерт залында қаладағы қоғамдық көлікке, үлескерлік құрылысқа, көне және апатты жағдайдағы баспананы сүруге, сондай-ақ, салынып жатқан үйлердің сапасын қатысты сұрақтарға Сергей Хорошун жауап беруде. Қала әкімі орынбасарларының кездесулерін Facebook әлеуметтік желісіндегі Astana mediа парақшасында тікелей эфирде көруге болатынын айта кетейік.

Кездесу «Сұрақ-жауап» форматында өтіп жатыр. Қалалықтар МАҚБ, көлік, автожолдар, тұрғын үй сияқты салалық басқармалардың өкілдеріне сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдіре алады. Сергей Хорошун өзінің алғысөзінде бүгін қойылған әр сұрақ назарсыз қалмайтынын айтты. Келгендердің көбі өз сұрақтарына дәл осы жерде жауап алды.

Мәселен, Астана тұрғыны Бахтияр Омарбаев автобус кондукторларының қызмет көрсету сапасына және елордадағы қоғамдық көліктердің жағдайына өз шағымын түсірді.

Сергей Хорошун осы сұраққа жауап бере отырып, өткен жылы жаңа 380 автобустың сатылып алынғандығын айтты. Бүгінгі таңда жаңа автобустардың 62% қызмет көрсетсе, қалғандары жаңартылып жатыр.

Ертең, 16 ақпанда халық алдында есепті әкімнің орынбасары Қосман Аймұхаметов береді. Ол инфрақұрылымды дамытуға (жолдардың, саябақтар мен гүл бақтарының, кәріз жүйесінің және т.б. құрылысы), су тасқындарына, экологияға, қала тіршілігіне және қызметтердің апаттық ажыратылуларына қатысты сұрақтарға жауап беретін болады. Қалатұрғындары өз сұрақтарын «Астана» концерт залында сағат таңғы 10:00-ден бастап қоя алады.

20 ақпанда «Астана» концерт залында Ермек Аманшаевпен өтетін кездесуде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жастар саясаты мен дінге қатысты сұрақтар талқыланатын болады. Кездесу сағат 10:00-де басталады.

Инвестицияларды тарту, инновацияларды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері 20 ақпанда сағат 15:00-ден бастап Тәуелсіздік 3 мекен-жайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимаратында талқыға салынатын болады. Сұрақтарға әкімнің орынбасары Малика Бектұрова жауап береді.

Есептік кездесулер 21 ақпанда аяқталады. Соңғы кездесулер Тәуелсіздік 3 мекен-жайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимаратында өтетін болады. Сағат 10:00-де басталатын есептік кездесуде тұрғындар әкімнің орынбасары Асқар Амринге жер учаскелерін бөлуге, коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер бөлуге, әлеуметтік көмек көрсетуге және мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуларды өткізуіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады. 

Естеріңізге салсақ, бүгін Астанада бірінші рет қала әкімі орынбасарларының халықпен есептік кездесуі бастау алды. Кездесу 21 ақпанға дейін созылмақ. Есептік кездесудің кестесі туралы мына жерден білуге болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109