1506

Елорда әкімінің бірінші орынбасарының халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындылары

15 ақпанда әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошун құрылыс саласы мен қоғамдық көлікке қатысты маңызды сұрақтар бойынша халық алдында есеп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде Астана әкімінің бірінші орынбасарына барлығы 63 сұрақ қойылды. Олардың 6 жазбаша түрде, 6 сұрақ Facebook әлеуметтік желісі арқылы қойылды. Көтерілген сұрақтардың 47-сі құрылысы аяқталмаған үлестік құрылыс нысандарына, 4-уі автобус бағдарлары мен аялдамаларға, 4 – апатты жағдайдағы үйлерді сүруге, 2 – қаладағы коммуналдық қызметтердің жұмысына, 4-уі құрылыстың сапасына, 1 – лифттердің жұмысына және 1 сұрақ көп деңгейлі паркингтерді жайластыруға қатысты болды.

Кездесуге 350 адам қатысты.

Естеріңізге салсақ, кеше Астанада алғаш рет қала әкімі орынбасарларының халықпен есептік кездесуі бастау алды.

Бүгін, 16 ақпанда халық алдында есепті әкімнің орынбасары Қосман Аймұхаметов береді. Ол инфрақұрылымды дамытуға (жолдардың, саябақтар мен гүл бақтарының, кәріз жүйесінің және т.б. құрылысы), су тасқындарына, экологияға, қала тіршілігіне және қызметтердің апаттық ажыратылуларына қатысты сұрақтарға жауап беретін болады. Қала тұрғындары өз сұрақтарын «Астана» концерт залында сағат таңғы 10:00-ден бастап қоя алады.

Есептік кездесулердің кестесімен мына жерде танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109