1582

"Гранд Астана Элит" ТК лифтіде болған жағдай ерекше бақылауға алынды

"Ашықтық және мемлекет алдында есеп беру" бағыты шеңберінде қала басшылығының халықпен есептік кездесу жалғасуда. 

Бүгін астана тұрғындарымен қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов кездесті. Іс-шара барысында "Гранд Астана Элит" ТК тұрғыны таяуда болған оқиғадан кейін лифтінің апатты жағдайда тоқтап тұрғанын айтты. Қазіргі таңда аталмыш ТК-де комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

"7 қабаттан лифт төменге қарай құлады , ішінде бес адам болған.Полицейлердің айтуынша лифтінің қауіпсіздік жүйесі іске қосылып, 1 және 2 қабат аралығында тоқтап үлгерген. Осындай жағдай қайталанбас үшін не шара жасалатынын білгім келеді", - деді Екатерина Мунатаева. 

Әкім бұл жағдайдың ерекше бақылауға алынып, тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. "Иә мұндай оқиға болғаны рас, кешірім өтінеміз. Қазір онда тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы бастаған комиссия жұмыс істеуде. Оған жауапты барлық тұлға мен басқарып отырған компания бәрі тексеріледі, себебі лифтінің пайдалану уақыты әлі шықпаған. Өткен жылы әкімнің тапсырмасымен қала бойынша мыңға жуық лифт шаруашылығы тексерілді. 30-ға жуық ПИК-ті лифтіні дұрыс пайдаланбағаны үшін жазаладық", - деп түсіндірді Қ.Айтмұхаметов.

Өткен жылы қалада тұрғын үй кешендерінде 96 лифт ауыстырылған болатын. Жұмыс биыл да жалғасып жатыр.

Бүгінде Астанада 6 577 лифт тіркелген. Оның ішінде тұрғын үйлерде - 4879 лифт, әкімшілік ғимараттарда - 1728.

Есептік кездесудің кестесі туралы мына жерден білуге болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109