1046

Тұрғындар астана әкімдігінің ашықтығына ризашылығын білдірді

"Ашықтық және қоғам алдында есеп беру" бағытының шеңберінде  қала басшылығының халықпен кездесуі жалғасуда, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін "Астана" концерт залында қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың халықпен есептік кездесуі болды. Іс-шара барысында сұрақ қойғысы келгендер сауалын жолдай алды. Барлығы 30 сұрақ қойылды, оның көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты болды. Кездесуге 400-ден астам адам қатысты. 

Кездесу соңында сөз алған тұрғындар әкімдіктің ашықтығына алғыстарын білдірді.

"Бүгінде халықпен байланыста жетістіктер бар. Сондықтан сіздерге көп-көп рахмет, әрі қарай да осылай жұмыстарыңызды құлшыныспен жалғастыра беріңіздер", - деді қала тұрғыны Марина Ананьева. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімі орынбасарларының халықпен кездесуі "Есеп беру және мемлекет алдында есеп беру" бағыты шеңберінде өтіп жатыр.  Кезекті кездесу 19 ақпан күні болады.

Есептік кездесудің кестесі туралы мына жерден білуге болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109