1141

Алдағы 4 жылда Астанада жаңа 46 мектеп салынбақ

2022 жылға дейін елордада 46 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Халықпен есептік кездесу барысында әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев дәл қазіргі кезде 10 мыңға жуық оқу орны жетіспейтінін айтты. 2017-2018 оқу жылының басынан жүктемені азайту үшін 2 600 орындық қосымша 5 құрылыс пайдалануға берілген болатын әрі жаңа мектептер де салынды.

«10 800 орынға арналған он мектептің құрылысы оқушылардың білім алуына мол мүмкіндік жасайды», – деді Е.Аманшаев. 

Болжам бойынша Астана халқының тұрғындары көші-қон есебінен және табиғи өсім жолымен көбейе түспек.

«Елдегі ішкі көші-қон өте жоғары. Жыл сайын Астанаға өзге аймақтардан 40 мыңға жуық азамат көшіп келеді. Оған табиғи өсім де қосылып жатыр. Астанада күн сайын 70-75 бала туылуда. Бұл дегенің Астанада өмір сүру деңгейі жоғары әрі білім мен медицина саласында түрлі қызмет көрсетіліп жатқанын білдіреді», – деді Ермек Аманшаев. 

Осыған байланысты алдағы 4 жылда астанада жаңа 46 мектеп салынбақ.

 «2018 жылы 6 900 орындық жалпы білім беретін алты мектепті пайдалануға беру жоспарланды. Мердігерлік кешенді жоспарға сәйкес, Астанада 2022 жылға дейін 46 мектеп және 10 қосымша жапсарлас салынған білім ошағы қажет», – дейді әкім орынбасары.

Бүгінде қалада 143 264 оқушы бар, 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Қала басшыларының есептік кездесуі 15 ақпанда басталған болатын. Бұл «Ашықтық және қоғам алдында есеп беру» бағыты бойынша өткізіліп жатыр. «Сұрақ – жауап» форматындағы кездесуді Астана қаласы әкімінің орынбасарлары Сергей Хорошун, Қосман Айтмұхаметов, Ермек Аманшаев өткізді. Қалалықтар да кездесуге белсене қатысып, өздерінің оң пікірлерін білдіруде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109