1263

Әсет Исекешевтің халықпен есептік кездесуі басталды

Бүгін «Астана» концерт залында Астана қаласы әкімінің дәстүрлі халықпен есептік кездесуі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, осы жылдың 15-21 ақпан аралығында қала әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошун, Қосман Айтмұхаметов, Ермек Аманшаев, Мәлика Бектұрова және Асқар Амрин халыққа есеп берген еді.

Әкім орынбасарларының халықпен есептік кездесулері «Ашық және есеп беретін мемлекет» жобасы аясында өткен болатын. Қала тұрғындары осы кездесулерге жоғары қызығушылық танытқан еді.

Бүгінгі қала әкімінің халықпен есептік кездесуі «Сұрақ – жауап» форматында өтеді. Қала әкімі Әсет Исекешев өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында айтады және қаланың болашақ дамуы бойынша жоспарымен бөліседі. Кездесу барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қоя алады.

Бүгінгі есептік кездесу Астана қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде көрсетіледі және де халықтың басқа да көп бөлігін қамту мақсатында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тікелей онлайн қосылулар ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109