1565

2017 жылы Астанада 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Былтыр Астанада бір жыл ішінде пайдалануға берілген үйлердің саны рекордтық көрсеткішке жетті немесе 2,36 млн шаршы метр баспана, оның ішінде мемлекеттің қаржы көзі есебінен Астана қаласының әкімдігі 7 тұрғын үй кешенін тұрғызды. Осылайша 1062 отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев халық алдында есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бұдан басқа, әкімнің айтуынша, қолжетімді несиемен және жалдамалы баспананың құрылысы бірінші нарықтағы үйлердің бағасын төмендетуге алып келген. Мемлекеттік баспананың бағасы бүгінде шаршы метрі 180 мың теңгенің айналасынан аспай тұр.

«Нарықтағы бәсекелестікті сақтау үшін астаналық мердігерлер жыл сайын бағаны төмендетуіне тура келеді. Соңғы үш жылда астана нарығындағы бірінші сатылымдағы үйлердің бағасы орта есеппен шаршы метрі 355,5-тен 324,1 мың теңгеге дейін төмендеді. Оған қоса, нарықта шаршы метрі 260-280 мың теңге тұратын ұсыныстар да бар», – деді әкім. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109