1533

2017 жылы Астана аулаларында 20 жаңа спорт алаңы салынды

Өткен жылы Астана аудандарында ішкі аула аумағында 20 жаңа спорт алаңы салынды. Есеп беру кезеңіне дейін тұрғындар мен қонақтар үшін 600 спорттық-бұқаралық іс-шара өтті. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Жексенбі күндері астананың саябақтарында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі, акция, шеберлік сыныбы, көңілді старттар, спортшылардың өз өнерін паш етуі, жаттығу т.б.», – деді елорда әкімі.

Осы жылы да халықты дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында 600 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарлануда. 

 «Біздің міндетіміз – мемлекет басшысының тапсырысы бойынша 2020 жылдың соңына дейін астана халқының 30 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуына қол жеткізу. Біз барынша қалалықтардың саламатты өмір салтын ұстануына атсалысудамыз. Өйткені, медицина барлық ауруға төтеп бере алмайды», – деп түйіндеді әкім сөзін. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109