1114

Мемлекет пен ұлттық компаниялардың есебінен 960 орынға арналған 4 бала-бақша пайдалануға беріледі

Ұлттық компанияларды есепке алғанда, жыл соңына дейін мемлекет қаржысына 960 орынға арналған 4 бала бақша пайдалануға беріледі. Бұған қоса, 2018 жылы 28 мың орынға арналған мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларда орналастырылатын болады. Ата-аналардың өтініштері бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері бір балаға шаққанда 23-тен 27 мың теңгеге дейін өседі.Бұл мақсаттарға 7 млрд теңге қарастырылмақ. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев халық алдындағы есептік кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Әкімдік МЖӘ шеңберінде 6 балабақшаның құрылысы жөніндегі келісімшарттарды бекітті.Олардың екеуі 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектепке дейінгі біліммен 2019 жылы балалардың 90% -ы, яғни 60 мыңға жуығы, ал 2020 жылы олардың100% қамтылады деген болжам бар», - деді Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, Ә.Исекешевтың айтуынша, әкімдік балабақшалар жұмысының сапасына назар  аударады. Жеке меншіктегі балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтерді қоса алғанда мұғалімдердің барлығы Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Елорда әкімінің айтуынша, біз бүгінгі таңда жеке балабақшаларды қажетті әдістемелік қолдау және сүйемелдеу бойынша жеке меншік балабақшалар қауымдастығымен жұмыс жасаймыз. Сәйкестік болмаған жағдайда қатаң шаралар қолға алынатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109