1928

Елордада алдағы 3 жылда 27 мектеп пен оларға жапсарлас 10 ғимарат салынады

Соңғы төрт жылда Астанадағы білім саласын дамытуға бағытталған бюджет 95%-ға көбейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есептік кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев: «Мектеп жайында аз мәселе көтеріліп жатқан жоқ. Оның ішінде ең өзектісі оқу орындарының жетіспеушілігі мен білім сапасы. Бүгінде орта білім сберетін мекемелерде 143 мың бала оқып жатыр, жыл сайын орта есеппен оқушылар саны 15-18 мыңға артуда. Соңғы 7 жылда мектеп оқушыларының саны екі есеге артты», – деді. 

Жыл сайын 8-10 мың оқушы мектеп тәмамдайды, бірінші сыныпқа және көші-қон есебінен 23-25 мың бала қосылады. Сол себепті, қазіргі таңда 11 мектеп үш ауысымда оқытып жатыр.

«Біз қазір үкіметтің қолдауымен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатырмыз, осы жылы 7 мың орынға арналған 6 мектеп салынады. Бұл жаңа мектеп №20 апатты мектептің орнына салынды, тағы бір Абай-Бигелдиновтегі № 56, 60, 35 және 1 мектепте де ауысым жеңілдей түспек. ЭКСПО ауданында 2 мектеп салынуда, себебі онда көшіп барған үйлерден баратын оқушылар № 74, 75, 84 мектептің жүгін ауырлата түспек. Маған Хайвил ТК тұрғындарының шағымданып келгені есімде, осы маңға жақын Нәжімеденов көшесінен жаңа мектеп ашылады», – деп хабарлады Ә.Исекешев.

 Қысқасы, алдағы үш жылда республикалық бюджеттің есебінен 27 мектеп пен 10 жапсарлас ғимаратты салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде «Промышленный», «Пригородный», «Көктал 1, 2» тұрғын үй алаптары бар. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109