6674

«iKomek» – қала тұрғындарына арналған әмбебап көмекші

Жедел мәселелерді шешу ісінде қалалық «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының рөлі орасан зор, деп мәлімдеді елорда әкімі Әсет Исекешев халық алдындағы есептік кездесуі барысында.

«Өткен жылы 109 қызметі өзін жақсы жағынан таныта білді. Оның негізінде біз қалалық «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығын құрдық. Бұл халықпен кері байланыс орнатудың – бірыңғай жүйесі. Ол – қала тұрғындарына арналған көмекші құрал», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

Қызмет стационарлы 109 телефондары, Facebook-тегі топтар, Telegram-дағы чат-боттар, әлеуметтік желілерді мониторингтен өткізу, электронды пошта, мобильді Smart Astana қосымшасы сияқты барлық коммуникацияларды қамтиды.

 «Басқаша айтқанда, «iKomek» - қала тұрғындарына арналған әмбебап көмекші. Өз сұрағыңызды шешу үшін әкімдікке келіп, кезекте тұрудың еш қажеті жоқ. Қоңырау шалып немесе хат, сурет жіберсеңіз, жеткілікті», – деді әкім.

Сонымен қатар, желілер мен жолдардың құрылысы сияқты жүйелік сауалдар мұқият зерделеніп, олардың негізінде қалалық бағдарламаларға өзгерістер енгізіледі.

Әсет Исекешевтің мәліметі бойынша штаттан тыс 164 жағдайды шешуге арналған арнайы жедел регламент әзірленіп, енгізілді. Олардың әрқайсысы бойынша жедел топ құрылды.

«Мәселен, «Алматы» ауданында № 73 мектепке Ш. Қалдыаяқов көшесінен кіретін бір жолақты жол төселіп, № 4 бағдарлы автобус іске қосылды.

«Алматы» ауданының 60 мекен-жайы бойынша ішкі орамдардағы жолдар жөндеуден өткен.

«Промышленный» және «Железнодорожный» тұрғын үй алаптарында 2 отбасылы-дәрігерлік амбулатория жөнделіп, кеңейтілді.

«Есіл» ауданында «Жағалау» шағын ауданының тұрғындары түсірген шағымдар бойынша жабық  аялдама павильондары орнатылып, № 7 бағдарлы автобус іске қосылды.

Биылғы жылыту маусымында орталықтандырылған жылумен қамту қызметіне көп қабатты 18 үй қосылды. Әр сұрақ бойынша амалдар қолға алынады», - деді әкім. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109