650

Әсет Исекешев: блокчейн технологиясының жылжымайтын мүлік тізіміне енгізілуі нотариус қызметіне деген қажеттілікті жояды

«Экономика қарқынмен жаңартылуда, технологиялар жетілуде, нәтижесінде, жұмыс орындарына талаптар өзгереді. Бұл үрдіс дүние жүзінде жүруде. Енді, міне, ол Қазақстанға келіп отыр», - деді Әсет Исекешев халықпен есептік кездесу барысында. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

«Мысалы, блокчейн технологияларын жылжымайтын мүлік тізіліміне енгізу, сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуде нотариус қызметтерінің толығымен қажеттілігін жояды, себебі, цифрландыру есебінен бұл реттегі амалдар қайта қарастырылады». Заң талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үйдің сатылымына жол берілмейді. Сонымен қатар, «қара» және «ақ» риэлторлар жойылады. Мұндағы барлық ақпарат электронды форматта редакциялау мүмкіндігінсіз сақталады», - деді әкім.

Оның сөзінше, цифрлы технологиялар уақыт өте келе көптеген салаларда кеңінен қолданылып, мамандықтар жоғалатын, түрленетін болады.

«Дегенмен, одан қорқудың қажеті жоқ. Біздің алдымызда кез келген адам өз әлеуетін жүзеге асыра алатындай жұмыс нарығының нәтижелігімен қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Бұл бағытта біз келесідей шаралар қолданудамыз.

Біріншіден,біз елорда экономикасының шағын және орта бизнес саласындағы өсіммен қалайша қамтамасыз ете алатынын, жұмыс орындарын құра алатынын, Астанада халықаралық қаржы орталығының құрылатындығы есепке алына отырып, инвестицияларды қаншалықты тарта алатынын сараладық.   

Біз Астанада базалық өнеркәсіп дами алмайтындығын түсінеміз. Өйткені оның қала экологиясына кері тизеді. Біз Дубай, Мәскеу, Бейжің, Сингапур сияқты ірі мегаполистердің тәжірибесін зерттедік. Дүниежүзіндегі ірі мегаполистер заманауи өндіріс және өнімді қызметтерді құрудың пайдасына ауыр өнеркәсіп дамытудан бас тартады.

«Мысалы, Американың бұрынғы болат құю орталығы болған Питтсбург қаласы бүгін денсаулық сақтау және білім орталығына айналып отыр», - деп атап өтті Ә. Исекешев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109