666

Астана әкімдігінің жұмысы барынша ашық болады

Кез келген трансформация, бұл ең алдымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерге жауап, - халықпен есептік кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев.

«Сондықтан біз «Өзгерістерді өзіңнен баста» принципімен қалалық әкімдіктің жұмысын толығымен қайта қарастыратын боламыз», - деді Ә.Исекешев

Осы бағытта қалалық әкімдікте талдау жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша, қалалық құрылымдардың саны 30-дан 21-ге дейін қысқарды. Әкімнің сөзінше, бұл қалалық әкімдік жұмысының сапасын арттыру мақсатында жасалып отыр.

«Екіншіден – біз сәулет – құрылыс қызметі, жер, тұрғын үй, еңбек инспекциясы салаларында бірыңғай бақылау органын құрдық», - деді әкім.

Осы жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп «Астана – адалдық алаңы» жобасын қолға алды.

Бұл жобаның мақсаты қала тұрғындарының және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын және мемлекеттік орган басшыларының жеке жауапкершілігін жоғарылатуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелерін қалыптастыру.

«Айтып өткенімдей, біздің құрылымдарда 800-ден астам бос жұмыс орны бар, ал әкімдіктерде – 80. Біз ашықпыз, таныс арқылы емес өздеріңіз келіңіздер. Біз көзінде от ұшқыны бар, жұмыс істеуге дайын патриоттарды жұмысқа аламыз», - деп айтты әкім. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109