1178

Әсет Исекешев елорданың белсенді азаматтарын марапаттады

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесу барысында қала белсенділерін марапаттады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана тұрғыны – бұл жауапкершілігі бар, бастамашыл және өмірлік ұстанымы белсенді де жігерлі жан, болашаққа сеніммен қарап, сүйікті астанамызға өз еңбегі арқылы үлес қосушы жан. Осы сәтті пайдалана отырып, әрбіріңіздің Астанада барынша қолайлы жағдай жасауға, жайлылықты жақсарту туралы ұсыныстарыңыз бен оның жүзеге асуына сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз бәріміз бірге қаламызды күшті, жанға тыныш, қызықты әрі көрікті ете түсетінімізге сенемін», – деді әкім сөзінде. 

«Сол себепті, біз қаламыздың ең белсенді тұрғындарын марапаттауды жөн көрдік», – деді Әсет Исекешев.

Қала әкімінің қолынан статуэт сыйлығын блогер Тәңірберген Бердоңғаров, «Арбат Астана» жобасының авторы Арай Ордабаева, «Әкелер одағы қозғалысының» экс-төрағасы Қуаныш Жұматаев, белсенді үй шаруа ханымы Қарлығаш Набиуллина, Жанна Құрманбаева, әкімнің мүгедектер жөніндегі кеңесшісі Мұрат Әбдімомыновтар алды.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109