1423

2017 жылы елордада жылу желілерінің 18,8 шақырымы қалпына келтірілді

Орталық жылу, электрменжабдықтау жүйесіне жаңа тұтынушыларды қосудың шартын жақсарту мақсатында 2017 жылы ЖЭО-1, ЖЭО-2 жаңартылды, ЖЭО-3 құрылысы мен Астана қаласының энергетикалық кешен нысанын дамыту жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын осы мақсатқа қалалық бюджет инвестициясына 20% немесе 30-40 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесуі барысында Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жылу маусымы бірқалыпты өтуде, қуаттылығы да айтарлықтай қамтамасыз етілген. 2017 жылы 18,8 км жылу желісі қайта жөнделді және 16,4 км жаңасы салынды. Нәтижесінде «Южная Саранда» ТК тұрғындары, ҚазМЗУ университеті, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және де сол жағалаудағы тұтынушылар орталық жылумен қамтылды», – деді Ә.Исекешев. 

Әкімнің сөздеріне қарағанда, 2017 жылы Тілендиев даңғылындағы тұрғын үйдің жылу желісін жобалау басталды. Ол тұрғын үй қазірге дейін қазандықтан жылыту алып отыр. Биыл құрылысты бастау жоспарланып отыр. Бұған дейін әлгі үйлердегі жылудың бағасы жалпықалалық тариф бойынша төленетін болады.

«Өткен жылы Астанада ЭКСПО -2017 көрмесін, жаңа теміржол вокзалын, «Мыңжылдық», «Батығай» ауданы мен әлеуметтік жағынан маңызды деген нысандарды электр жарығымен қамтамасыз еткен  «Тұран», «Жаңажол», «Бәйтерек», «ИКИ», «Промзона» шағын станциялардың құрылыс жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстары аяқталды», – деп атап өтті әкім.

«Апатты жағдайлардың санын азайту мақсатында желілердің 100 шақырымы салынып, 81 бөлу пункті қайта қалпына келтірілді», - деді әкім.

Биыл 10 трансформаторлы шағын станцияны қалпына келтіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Мыңжылдық» аллеясы ауданында 6 жаңа тарату пунктінің құрылыс жұмыстары басталатын болады. 

Сондай-ақ, «Қазбек» шағын станциясының құрылысы жалғасып жатыр. «Жұлдыз» ШС-ын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Аталмыш нысандар «Железнодорожный» және «Мыңжылдық» аллеясы тұрғын үй алаптарын электр жарығымен қамту үшін аса қажет. 

«Біз елордадағы энергетика сенімділіктің жоғары талаптарына сай болуы үшін ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.2017 жылы қала бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметінен апатты түрде ажыратудың 956 оқиғасы тіркелген болатын. Олардың 166-сы «Астана – АЭК» АҚ желісі бойынша орын алса, 790 оқиға жеке құрылыс компанияларының кесірінен болған. Әр оқиға егжей-тегжейлі тексеріліп, бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Ажыратулардың басым бөлігі ішкі желілерге байланысты болып, құрылыс жұмыстарын жүргізуші компаниялар мен нысандар иелерінің кінәсінен орын алған», - деп атап өтті Әсет Исекешев. 


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109