2696

Қаладағы экологиялық жағдайға қатысты мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады

Осы қыстатұрғындардың қаладағы қара түтінге байланысты сұрақтары көп болды, деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесу барысында.

«Сондықтан біз халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен, қауымдастықтарменбірлесе отырып экология жөніндегі комиссия құрдық, қазіргі таңда басқарушы комитет жұмысқа кіріскен. Біз екі бағытта жұмыс істеудеміз. Бірінші – ЭКСПО тәжірибесін ескере отырып ұзақ мерзімді төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеу, яғни көмір жағуды азайтып, көмірді алмастыратын неғұрлым таза энергия көздерін пайдалану», - деді Ә.Исекешев.

Оның айтуынша, ластанған атмосфера проблемаларын шешу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мысалы, қаланыңкоммуналдық кәсіпорындарының автокөлік құралдары газга ауыстырылды (854 бірлік). 

«Сондай-ақ, біз 14 мыңнан астам заңды және жеке тұлғаларға газ-баллон жабдығын орнатуға келісім бердік. Қалада 158 бірлік «Экотакси» жұмыс жасауда және 14 мыңнан астам жеке автокөлікке газ баллон құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар, қаладағы жекеменшік автопарк иелерімен 2018 жылдың сонына дейін көліктеріне газ баллон құрылғысын орнату туралы меморандум бекітілді», деді әкім.

Жолаушылар тасымалында Еуро-5, Еуро-6 сыныпты 738 автобус қолданылуда, оның ішінде 2017 жылы 380 автобус сатып алынған. 

Осы жылы велосипед көлігін кең қолдануды одан әрі дамыту көзделген. Бұны қала тұрғындары да қолдауда. Биыл 1 717 км веложол салу жоспарланған. Сонымен қатар, тұрғын үй мен жеке секторды және үлкен ғимараттарды газға кезең-кезеңімен көшіру маңызды рөл атқарады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109