1690

Ә. Исекешев мүгедек балалардың қамқоршыларының қоғамдық көлікте жүруіне қатысты мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды

Қазіргі таңда қаулы кәсіпкерлер палатасының қарауында жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі барысында бір топ адам Әсет Исекешевке азаматтардың жеке санаттарының қоғамдық көлікте жүруіне қатысты мәселені шешуге өз көмегін тигізуі жөніндегі өтінішін түсірген болатын.

«Мен мүгедек-балалардың мәселесімен қоғамдық көлікте күні бойы жүруге мәжбүрмін. Осы ретте, автобус кондукторларымен үнемі жанжалдасуға тура келеді. Өткен жылы мәслихат мүгедек балалардың қамқоршыларының қоғамдық көлікте жүруіне арналған жеңілдікті алып тастаған еді. Бұған не негіз болды?», - деп сұрады кездесуге келген әйел.

Осы ретте, жұмыспен қамту басқармасының басшысы Ермек Оспанов аталмыш мәселенің шешіліп жатқандығын айтты.

«Біз бұл мәселені шешіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 7 жасқа толмаған балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Астана қаласы мәслихатының депутаттары бізге 18 жасқа толмаған балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруі жөніндегі ұсынысын білдірді. Аталмыш қаулы шағын және орта бизнестің қызметіне қатысты болғандықтан, кәсіпкерлер палатасының қарауында жатыр. Осы мақсатқа қаражат биыл бөлінуі керек. LRT-мен келісім бар. Трансформация аяқталған соң бұл мәселе шешімін табады», - деді Е. Оспанов.

«Мүгедек балаларға қарастырылған жеңілдіктер жойылған жоқ. Менің тапсырмам бойынша мүгедек балалармен қоғамдық көлікте жүретін олардың қамқоршыларына тегін жүруге мүмкіндік беретін жеңілдікті қарастыру мәселесі талқыланып жатыр. Сергей Михайлович, шешімді тез арада қабылдау керек», - деп қорытты Ә. Исекешев.  


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109