1542

Елордада қоқысты өңдеу қуаттылығы 75%-ға жеткізілмек

Қалдықтарды өңдеу қуаттылығы 75%-ға 2019 жылы жеткізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесуі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Абаттандыру жұмыстары мен экологиялық қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі – қалдықтарды басқару жүйесі. Биыл тартылатын инвестициялардың көлемі 5млрд теңгеден асатын болады. Олар қалдықтарды өңдеудің жетілдірілген технологиясын енгізу шараларына жұмсалатын болады», - деді әкім.

Қала әкімінің айтуына қарағанда, қанатқақты жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жетекші елдердің тәжірибесі бойынша ТҚҚ «құрғақ» және «ылғалды» фракцияларға бөлініп жиналатын болады. Бұдан кейін «жасыл» энергия өндірілетін органикалық қалдықтарды өңдеу технологиялары енгізілетін болады.

«Біздің мақсат – қалдықтарды өңдеу қуаттылығын 2019 жылға дейін 75%-ға жеткізу», - деп нақтылады Әсет Исекешев.

Бүгінгі таңда Астана аумағындағы 1842 контейнерлік алаңда орналасқан 10477 контейнер бар. ТҚҚ-ды «Clean City NC» ЖШС шығарады. Серіктестік қалдықтарды таситын жаңа 30 көлік пен 2000 контейнерді сатып алуға 1, 2 млрд теңге жұмсаған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109