1799

Әкім: Мектептер мен емханалардың жанына жылы аялдамаларды орнату қажет

Астана әкімі Әсет Исекешев 150 аялдама павильондарын орнату қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектептердің маңындағы жолдардағы қауіпсіздік мәселесі менің жеке бақылауымда. Апта сайын біз нысандарды аралаймыз. Көптеген мәселе өз шешімін тапты. Мәселелердің тағы бір бөлігін биыл шешетін боламыз. Біз 150 аялдама павильонын орнату қажеттігінің бар екенін анықтадық. Жылы аялдамаларды мектептер мен емханалардың жанына орнату қажет. Жаяу жүргіншілер өтпелдері мен белгілерге қатысты мәселелерді шешу, кіріс жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жайластыру, жолдарды жөндеуден өткізу тапсырылды», - деп мәлімдеді әкім.

Оның айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың магистральды көшелеріндегі барлық жаяу жүргіншілер өтпелдерін жою жөніндегі шешім қабылданды.

«Біз дәл осындай көшелерде апаттардың жиі орын алатынын анықтадық. Ол жерлерде біз «ақылды» бағдаршамдарды орнатамыз. Шағын көшелерде жаяу жүргіншілер өтпелін қалдырамыз. Олар арнайы белгілермен жабдықталады. Бұл бағыттағы шараларды өткен жылы да жүзеге асырдық», - деді Әсет Исекешев.

Ол, сондай-ақ, мектептердің аумағындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстарының жүргізілгенін, жолдың жүргін бөлігіне шығатын жолдар қалпына келтірілгенін, білім беру нысандарының 11-нде көлік тұрақтарындағы орындар санының арттырылғандығын алға тартты. 33 нысанның жанында жол белгілері, көлік қозғалысын шектеуіштер орнатылып (ауыстырылып), 13 нысанның аумағы жарықтандырылатын болады.

«Бекітілген жоспарға сәйкес барлық жұмыстарды биыл тәмамдау тапсырылды. Білім беру нысандарының аумағында бейне-бақылауды күшейтетін боламыз. Бұл жүйелер сараптау, бет-әлпеттерді айыру нышанымен жабдықталады. Біздің балалардың қауіпсіздігі мен амандығы қашанда алдыңғы қатарда тұрады», - деп түйіндеді сөзін елорда әкімі.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109