571

«Сарыарқа» ауданының әкімдігінде Мемлекет басшысы Жолдауының басымдықты бағыттары талқыланды

«Сарыарқа» ауданының әкімдігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Оның жұмысына аудан әкімі Арман Тұрлыбек, аудан активі, елорда мәслихатының депутаттары және қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Арман Тұрлыбек аудан экономикасын, кәсіпкерлігін және ауданның әлеуметтік қамсыздандыру саласын дамыту үшін қажетті жолдауда атап көрсетілген негізгі векторларға тоқталды.

Сонымен бірге, аудан басшысы Коснтитуциялық реформаның еліміздегі саяси жүйенің жаңғыруын білдіретінін жеткізді. Әкім әлеуметтік салаға және халықты қолдауға ерекше назар аударды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі, ол аудандағы аз қамтылған отбасылар үшін қазір берілетін үш әлеуметтік төлемді біріктіруді қарастырады, - деп хабарлады аудан басшысы.

Жаңа форматқа төрт және одан көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек кіретін болады.

Сондай-ақ, кездесу барысында қалалық мәслихат депутаттарының және қоғам қайраткерлерінің баяндамалары тыңдалды. Шара қорытындысы бойынша аудан әкімі жиналғандарды жолдауда қойылған міндеттерді жұмыла орындауға үндеп, бұл ауданның тиімді дамуына ықпал ететінін атап көрсетті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109