669

«Есіл» ауданының әкімдігі медициналық қызметкерлермен Елбасы жолдауын талқыланды

«Есіл» ауданы әкімі аппараты № 2 қалалық ауруханада Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ өкілдері мен медицина қызметкерлерінің кездесуін өткізді.

Шараға Астана қалалық мәслихатының депутаттары Мирас Шекенов, Рамзия Умербаева және Қарақат Әбден, сондай-ақ аудандық құрылымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов баяндама жасады. Ол Жолдаудың бес басымдығына тоқталды. Бұл бағыттар еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Жалпы, ақпанның 15-і мен 24-і аралығында «Есіл» ауданында республикалық деңгейдегі 6 кездесу өткізілді, оған 780 адам қатысты. Президент жолдауы Қазақ технология және бизнес университетінде, «Жас ұлан» республикалық мектебінде, Велосипед спортынан олимпиадалық дайындық орталығында, № 79 мектеп-лицейде және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде талқыланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109