773

Қала тұрғындары Мемлекет басшысының мақаласына қатысты пікірлерімен бөлісті

Болашаққа сеніммен

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бүгінгі аумалы-төкпелі заманда біздің қоғамды ары қарай дамыту жолдары ұсынылған.

Аталған бағдарламалық құжат еліміздегі саяси реформамен және экономиканы жаңғыртумен қатар, әрбір қазақстандықтың іштей жаңғыруын меңзейді. Өйткені әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу экономикалық дамуды ғана емес, Ұлы Даланың нағыз патриоттарын тәрбиілеу үшін өскелең ұрпаққа ықпал ету тәсілдерін қайта қаруды, ұлттық бірлікті сақтауды талап етеді.

Ел егемендік алған алғашқы күндерден бастау алған Қазақстанның рухани жаңғыруы ұлттық діліміздің ерекшеліктерін сақтай отырып, ұлттық сананы кеңейтуді қажет етеді.

Біз, Астана қаласының Алматы ауданының ардагерлері аталған бағдарламалық мақаланың барлық тармақтарын қолдаймыз және өз қызметімізде оны басшылыққа аламыз. Жасымызға қарамастан, өмірлік тәжірибеміз бен даналығымызды өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, халқымыздың салт-дәстүрлерін және мәдени мұрасын сақтауға бағыттауға дайынбыз.

Сағидула Бахралинов, 

Астана қаласы Алматы аудандық Ардагерлер Кеңесінің Президиум мүшесі

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баяндаған ойлары заман талабына сай. Тіл білу ешқашан артық болмайды, керісінше тұлғаның, тіпті мемлекеттің дамуына үлес қосады.

Әрине, ешкім шет тілдерін үйреніп, өз тіліңді ұмыт деп жатқан жоқ. Ана тіліміз әрқашан алдыңғы орында, бірақ қазіргі үлкен интеграция заманында шет тілдерін білу әлемндің көшбасшы оқу орындарында білім алуға және тұлғаның дамуына шексіз мүмкіндіктер ашады.

К. Сенғазыев,

Политехникалық колледждің директоры


Рухани жаңғыру - өзекті шешім

«Әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосылу». «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарық көрген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының меңзеген ойы осы. Саяси реформа мен экономиканы жаңғырту  үшінші модернизация мақсаттарына қол жеткізер негізгі қозғаушы күштер.

Ұлттық салт-сананың жоғары деңгейі Қазақстанның рухани жаңғыруының ең маңызды факторына айналуы тиіс. Мемлекет басшысы өз мақаласында оның бүгін басталмағанын, тәуелсіздік жылдары бойы осы бағытта жұмыс жүргізіліп келе жатқанын атап көрсетті. Бұған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы дәлел, ол халықтың шексіз мәдени мұрасын, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеугедің біртұтас жүйесін құруға; ұлттық тарих үшін аса маңызды тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерді жаңғыртуға; ұлттық әдебиет пен жазудың ғасырлар бойғы тәжірибесін жалпыландыруға; әлемнің ең озық ғылыми жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі қорын құруға бағытталды. Бұл бағдарламаны стратегиялық маңызды ұлттық жоба деп атауға болады. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ел тарихының маңызды және құнды құжаттарын анықтап, жинауға үлкен серпіліс берді.

Мемлекет тарихының қалыптасуында Қазақстан мұрағаттарының атқаратын қызметі елеулі. Халықтың деректі естеліктерін жинап, болашақ ұрпақ үшін сақтайтын мұрағаттар.

Елбасы өз мақаласында ұлттық код пен ұлттық мәдениетті сақтамаса, рухани жаңғырудың мүмкін емес екенін атап көрсетеді. Ол ескі әдептерден құтылу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ, Президент қазақ жазуының біртіндеп латыншаға ауысатынын, ал 2025 жылы іскерлік құжаттар, мерзімдік басылымдар, оқулықтар латын әліпбиімен шығатынын жеткізді.

Мұрағат қызметкерлері Мемлекет басшысының халықтың рухани жаңғыруы мен Қазақстанның әлемнің 30 елінің қатарына қосылу идеясын толықтай қолдайды.

Ж. Махашов 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ

Бас директорының м.а.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109